«Жұлдызды сәт!» коучинг » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Коммунальное Управления образованияның
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
Отдел образования Талгарского района
Приемная
+727(360-54-15)
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
октябрь
2021

«Жұлдызды сәт!» коучинг

                    Анықтама                                                                                                                                                                      
22.10.2021ж күні,апталық аясында "Тілдер" бірлестігінің жетекшісі Уразова.М.К. пен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Курманова Б.Т   жас маманның кәсіби әлеуеті мен шығармашылығын арттыру жолдарын көрсету мақсатында «Жұлдызды сәт!» атты коучинг өткізді.
Коучингке жас мамандар қатысты.
Коучингтің мақсаты: мұғалімдер арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымды, жағымсыз көңіл – күйден арылу, өзін-өзі тану және құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың нақты тәжірибелерін пайдалану және әдістемелік тәсілдерді көрсету.
Тренингке қатысушылардың міндеті: тренингке белсене қатысып, өз ойларын ашық жеткізіп, бір -бірінің пікірін құрметтеу. Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс – тәсілдерді тәжірибиелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;
Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;
Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
        Бүгінгі біздің коучингтің өтуіне көмекке атақты ғалым Ли Шульманның 3 көмекшісі келді.Олар топтарға жұмыс жасауға көмек береді.Кәне, достар айтыңыздаршы:Баспен не істейміз?Қолмен ше?Жүрекпен ше?
Сонымен қатар бұл затты Абай атамыз айтқандай адамның қасиетті 3 нәрсесімен атап кетуге болды?
  1. Топқа бөлу:Нұрлы ақыл,Жылы жүрек, Ыстық қайрат!
Баспен ойлаймыз.Қолмен жасаймыз.Жүрекпен қабылдаймыз!
Ынтымақты орта, көңілді сезім орнату
Сіздерге,осы тренинг басталмас бұрын жылы жүректі бейнелейтін парақшаларды ұсынуға рұқсат етіңіздер. Коучинг аяғында оның қалай толыққанын көретін боламыз,жақсы ма?
Жүрек ішінде тілек
Жылылық сыйлар жаныңа
Сүйрейтін жәннат бағына
Мүбарак болсын, әріптес!
ЖҰМА күн келді тағы да.
Дұғада болсын жүрегің
Иманың болсын тірегің.
Өзіңе ғана сұрамай
Өзгенің тіле тілеуін
Қабыл болар сол кезде,
Сұраған барлық тілегің!


Сәттілік серігің болсын!!!  
-Ендеше, баршамыздың бүгінгі іс-әрекетімізге сәттілік тілеймін! Жұмыс кезеңдерімен таныс болайық.

Миға шабуыл:   «Бәйге»ойыны.
Манчук Кожабаевна топтардың бұлай аталу себептеріне де тоқталып өтті. Жас мамандарға жылы сөздер айтылып, жүрекке жазылған тілектер де таратылды. Қызықты сұрақтар қойылып, ойын ойнап коучингке белсене қатысты. Коучинг  мақсатына жетті. Жас мамандар өздерін керемет көрсете білді. "Бәйге", "Қыз қуу" ойындары да ойналды. Жас мамандар бәйге ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді.


Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу.
Жеңімпаздарға сыйлық берілді.


Содан кейін жас мамандарға шеберлікті қажет ететін  ойын да  ойнатылды. Жас мамандар өздеріне берілген әр түрлі тірек сөздер арқылы түрлі образдарға кіріп, көрініс көрсетті.Бұл ойында жас мамандардың шеберлігі анықталды.




Коучнигтің соңында жастардың демалу барысы қарастырылды. Әр ұстаз өздеріне арттерапия да жасады. Шаршағандарын басып, түрлі суреттер салды.Жас мамандар кері байланысты күн мен түн әдісі арқылы жасады.




Қорытынды ой: Ақын Үмбетай Уайдин «Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!» деген өлеңінде ұстаздардың  шәкірт үшін уақыт аямайтын, тіпті өзін ұмытып, «ұстаз» деген ұғымды биік қоятын тұлға екендігін шебер жырлаған.
Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде , адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», — деген өсиетін  ұстанып, еңбек етуіміз қажет.
Сөз соңында   ұстаздарға тілек:
«Шәкіртке ұстаз болу – ірілік,
Ұстазға ұстаз болу – ұлылық!» деп қажымас қайрат, денсаулық тілесем,
Талпынған бала , талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай! дей отыра барлық жас мамандарға сәттілік тілеймін!
                               «Тілдер» ӘБ жетекшісі:                        Уразова М.К. 
                                                                                       Курманова Б.Т

Похожие публикации: