23
февраль
2022
8 «А» сынып оқушылары арасында өткен «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы
Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі» 8 «А» сынып оқушылары арасында өткен «Жігіт сұлтаны-2022» байқауына
Анықтама
Ата салтын сақтайтын,әке үмітін ақтайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшісі Уразова Манчук Кожабаевнаның басшылығымен «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы ұйымдастырылды
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар,- деп жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі - қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне, ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашаладық.
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – демекші, байқау 4 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең - «Тегімді менің сұрасаң...» - сайыскер жігіттеріміз өздерімен таныстырады.
Екінші кезең - «Көңілі ояу, көзі ашық» - жігіттер халқымыздың салт дәстүрлеріне байланысты ас қайыру сапарға шығу тағы басқа бата беруге тиіс.
Үшінші кезең - «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - өзінің бойына дарыған өнерлерін көрсету, олар, мысалы, қолөнер, ән-би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау, спорт түрлерінен көрініс. .
Төртінші кезең - «Күш атасын танымас» - сайыскерлеріміз қол күрестіреді және кеудені жерден көтереді, яғни, отжимание. Әр кезең аяқталған соң әділқазылар алқасы қойылған бағаларын көрсетіп отырды.
Додаға түскен жігіттеріміз өздерін жан-жақты көрсете білді.Нәтижесінде
Бас жүлдені Оразхан Жанболат
1орынды Құрбан Азамат
2 орынды Ахметжан Дамир
3орынды Теміртас Ерасыл жеңіп алды.Кеш соңында,жігіттер мектеп директоры Жанар Каюмовнаның мадақтамасымен марапатталды.
Бүгінгі сұлтандарымыз нағыз қазақ жігіттеріне тән тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын деп тілек білдіремін.
8а сынып жетекшісі Уразова Манчук Кожабаевна