Семинар "Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?". » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар "Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?".
18
февраль
2022

Семинар "Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?".

Сыныптағы және ұжымдық  іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде  кеңінен танымал  жапондық  Lesson Study тәсілі.  Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Біздің мектебімізде ұсынғалы отырған педагогикалық ұсынымның мақсаты –мектептегі, сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету бағытында «Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?» атты семинар өтті. Мектебіміздің білікті мамандарынан шағын топтар құрылып,жұмыс жоспары талқыланды.Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан — жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл «Lesson study»  туралы білуге, тәжірибе алмасу бағытында жұмыс жүргізілуде.