«Әл-Фараби» бірлестігінің «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты апталықтың есебі. » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әл-Фараби» бірлестігінің «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты апталықтың есебі.
28
февраль
2022

«Әл-Фараби» бірлестігінің «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты апталықтың есебі.

«Әл-Фараби»  бірлестігінің «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты апталықтың есебі
     Мектебімізде  математика, физика,химия және информатика пәндер апталығы «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырыпта аталып өтілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай құрылған.Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс қызықты тапсырмалар өткізілді.
    Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні  «Білімді ХМИФ»  деген тақырыпта апталықтың ашылуы аталып өтілді. «Білімді ХМИФ» кафесіне 9 «А» сынып оқушылары қатысты.Әр үстелге арнайы шақырылған мейман ретінде отырып,ас мәзірінен өздері қалаған тағамдар мен салаттарға,сусындар мен десертке тапсырыс берді.Тапсырыс беру арқылы сол тағамда жасырылған сұрақтарға жауап берді.Өздерінің білімді ұрпақ екенін дәлелдей білді. Пән мұғалімдері өз пәндеріне арнап әндер айтып,кафеге келген меймандардың көңілін көтерді.Оқушылар екінші ұстаз Әл- Фараби,математиканың ұлы ғалымы Пифагор,периодтық кестені құрастырған химия ғалымы Менделеев,физик – зерттеуші Архимед, информатика ғалымы Билл Гейтс болып киініп,шағын көрініс ұйымдастырды. Кеш өте қызықты және жоғары дәрежеде өтті.
     «Кім білгір?» атты сыныптан тыс іс-шараны химия пәні мұғалімі Байеділ А. мен физика пәні мұғалімі Мукиева А.  7-11 сыныптар арасында ұйымдастырды..Іс-шара мектеп файесінде үлкен қоңырауда өткізілді.Мақсаты: оқушылардың физика,химия пәніне деген қызығушылығын оятып,ғылымға дара жол салу .Сынып оқушылары белсене қатысып,сұрақтарға жауап беріп,сыйлықтар ұтып алды.
        Апталықтың ең алғашқы сабағын 4 «А» сыныбымен Смағұл Г. «Презентациялық дыбыстар»атты тақырыпта өтті.Мақсаты: белгілі тақырыпта фотосуреттер,дыбыстар және бейнелерді пайдалану,презентациядағы дыбыс пен бейнені кірістіру.
Ұйымдастыру кезеңінде компьютер құрылғылары бейнеленген суреттер арқылы топқа біріктірілді.Топтың атаулары: «Макет», «Анимация», «Дизайн» тобы.Өткен тақырыпты қайталау мақсатында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Жаңа тақырыпты интерактивті тақта арқылы түсіндірді.Оқушыларға бірнеше тапсырмалар берілді. Тапсырма оқушы жасына сай дайындалған. Әр тапсырмадан кейін дескриптор көрсетілген.Сабақты бекіту үшін «learningapps» бағдарламасымен сұрақ –жауап әдісі қолданылды.Кері байланыс компьютермен фигураларды бояу арқылы жүргізілді.Оқушыларға үй тапсырмасын беріп,бағалап,уақытты тиімді бағалай білді.
      Информатика пәні мұғалімі Балғабай А. 6 «А» сынып оқушыларымен «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Арифметикалық өрнектерді Pyton тілінде жазу,Pyton тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, Оқушыларды online-stopwatсh әдісі арқылы топқа біріктірді. «learningapps» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Жаңа тақырыпты түсіндіріп,жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығарды. Оқушыларға жұппен жұмыс берілді. Оқулықтағы тапсырмалар орындалды,жауабын интерактивті тақтадан көрсетіп әр оқушы өз қатесін түзеді.Жетістік баспалдағы арқылы сабақтың соңында қорытынды жасады.Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
      Математика пәні мұғалімі Иманжанова С. 7 «Ә» сыныбымен «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану.Оқушылармен амандасып, үш топқа біріктірді. Топ басшыларын сайлап, бағалау парағын таратты. Үй тапсырмасын «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы сұрады.Жаңа тақырыпты түсіндіріп,мақсатымен таныстырды. Топтық жұмыс жасалынды. І топқа «Түртіп алу» әдісі арқылы тапсырма берілсе, ІІ топқа «Карточкалар иерархиясы» әдісі арқылы, ІІІ топқа «Семантикалық карта» бойынша тапсырмалар берілді.Сергіту сәтіне «Графиктер биін» қолданды.Оқушылар сергіп,көңіл –күйлері көтерілді.Тиімділігі тақырыпқа сай болды.Оқулықпен жұмыс жасалынды,оқушылар берілген тапсырманы жеке орындап мұғалімге тексертті.Кері байланыс «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы жүргізілді.Ерекше әдіс болды.Мұғалім сабаққа қойған мақсатына жете білді.
                Информатика пәні мұғалімі Курумбаева А. 4 «А» сынып оқушыларымен «Презентацияға арналған ақпарат»  атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.Мұғалім оқушыларды ақпарат,желі, табиғат тақырыптарында 3 топқа біріктірді. Үй тапсырмасын сұрау үшін «learningapps» бағдарламасымен сұрақ –жауап әдісі қолданылды.Жаңа тақырыпты интербелсенді тақта арқылы түсіндірді.Оқушыларға «жеке жұмыс» көп берілді. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында 3-4 слайдтан тұратын презентация жасады. Бумадан суреттер алып,оны толықтырды,презентацияға атау беріп, бумаға сақтады.Оқушылар өзін-өзі бағалады,мұғалім қосымша өз ойын айтты.
           «Жас информатиктер» сайысын мектебіміздің информатик ұстаздары Балғабай А.,Смағұл Г.,Курумбаева А. үлкен қоңырауда екі ауысымда да ұйымдастырды.Оқушылар информатика пәніне деген қызығушылықтарын көрсетіп,тапсырмаларды бір-бірімен жарыса орындады. Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыларға арнайы сыйлықтар берілді.
       Математика пәні мұғалімі Бухарбаева Ж. «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында ашық сабақ өтті.Мақсаты: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың көңіл-күйлерін біліп,психологиялық ахуал туғызды,топқа біріктіріп,топ аттарын айқындады.Өткен тақырыпты сұрау барысында «Тәжірибе» әдісі қолданылды.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырып,әңгімелесу арқылы түсіндірді.Сергіту сәтіне математикалық жаттығу жасады. «Ойлан,топтас,бөліс» үштік әдісі арқылы оқушыларға топтық жұмыс берілді.Сабақ барысында топтық жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс барлығы толығымен қамтылды. Оқушылар кері байланыс жасап, үй тапсырмасын алды.Бағалауға уақыт сәл жетпей қалды.Бірақ мұғалім қойған мақсатына жете білді.
         Математика пәні мұғалімі Закиржанова З. 8 «А» сынып оқушыларымен «Трапецияның ауданы» тақырыбында ашық сабағын өткізді.Мақсаты: трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану.Үй тапсырмасын сұрау үшін «Қағаздағы сұрақтар» әдісі қолданылды.Өтілген тақырып бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қойды.Жаңа тақырыпты түсіндіргеннен кейін оқушыларға топтық жұмыс берілді. «Джигсо» әдісі арқылы берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, идеялармен бөлісіп,келесі топтың жауабымен салыстырды.Оқушыларға жеке жұмыс ретінде тест тапсырмалары берілді.Сабақты қорытындылау барысында формулалар мен фигураларды сәйкестендірді. «Таңдау» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс жасады.Оқушылар бағаланып,үй тапсырмасы берілді.
        Математика пәні мұғалімі Беисова Ж. 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мақсаты: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау. Өткен тақырыпты сұрау барысында «таза тақта» әдісі қолданылды. «Ондық күн» атты бейнебаян арқылы сабаққа кіріспе жасалды.Оқушыларға ондық бөлшектерді көбейту мысалдары арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді.Топтық жұмыс «Тарсия» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілді.Жеке жұмысқа «Learningapps.org» әдісі қолданылды.Оқушылар тапсырмаларды қызығып,бір-бірімен жарысып орындады. Кері байланысты «СМС» әдісі арқылы жасады. Үйге тапсырма беріп,оқушыларды бағалады.
     Математика пәні мұғалімі Чукенова Г. 6 «Б» сыныбымен «Объединение и пересечение числовых промежутков» тақырыбында ашық сабақ өтті.Үй тапсырмасын сұрау барысында жұптық әдісті қолданды.Оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексеріп,баға берді. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында графиктік сызбалар қолданылды.Сергіту сәтіне оқушыларға геометриялық жаттығу жасатты. Сабақты бекіту барысында үлестірмелі парақшалар арқылы топ бойынша тапсырмалар берілді.Орындап болған топтың жауабын тыңдай отыра,мұғалім тақырыпқа сай бірнеше сұрақтар қойды. Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жасап, бағаланды. 
      Математика пәні мұғалімдері Бухарбаев Ж.,Закиржанова З.,Иманжанова С. 9-10 сыныптар арасында «Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,тапқырлығын,шапшаңдығын,таным белсенділігін арттыру. Ең алдымен «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайыскерлерді таныстырып өтті.Іріктеу сұрақтары арқылы сайысқа 6 адам таңдалып алынды. Әр сұраққа ойлану үшін 5 сек берілді.Іріктеуден өткен қатысушыларға ұяшықтар арқылы тапсырмалар,логикалық сұрақтар берілді. «Қазақтың ұлы тұлғалары», «тарихи анықтама», «Геометриялық фигуралар» , «Функциялар мен графиктер», «Математикалық жұмбақтар» тақырыбында ұяшықтарды таңдап астында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы тиісті ұпайларын алды. Қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі берілді.Жеңімпаздарды марапаттап,өмірде жұлдызды сәттеріңіз көп болсын деген әдемі тілекпен сайысты аяқтады.
Математика пәні мұғалімі Беисова Ж. «Қызықты математика» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.Тапсырмалар оқушыларға қызықты етіп жасалынған.3-6 сынып оқушылары бір-бірімен жарыса орындап,керемет сыйлықтарға ие болды.Әр оқушыдан пәнге деген қызығушылығы,алға ұмтылушылығы көрініп тұрды.Барлық оқушы белсене ат салысты. Оқушылар осындай сыныптан тыс іс-шараның өткізілгеніне өте қуанышты екендігін жеткізді.
     Физика пәні мұғалімі Мукиева А. 7 «А» сыныбымен «Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.Үй тапсырмасын сұрау барысында «дұрыс немесе бұрыс» әдісі қолданылды. Біз қалай тыныс аламыз?-деген сұрақты қою арқылы жаңа тақырыпты «ой қозғау» әдісі арқылы ашты.Және оқушыларға тыныс алуға байланысты «Сергіту» жаттығуын жасатты.Бұл өте тиімді әдіс болды.Жаңа тақырыпты бейне материал арқылы түсіндірмекші болды,бірақ техникалық ахауларға байланысты бейнематериалдың дауысы шықпай қалды,соған қарамастан мұғалім тығырықтан шығып сабақты өзі түсіндіріп,өзінің пәнінің нағыз маманы екенін дәлелдей түсті. Бұл сабақтың тағы бір ерекшелігі «жүз рет естігенше,бір рет көр» тәжірибесі болды.Мұғалім тәжірибе жасап,оқушыларды сабағына қызықтыра білді. Сабақты бекіту барысында оқушыларға есептер беріліп,оқушылар жарысып есепті шығарды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын айқын көрініп тұрды. Кері байланыс ретінде «ҚҚҚ» әдісі қолданылды.Оқушыларға үй тапсырмасы берілді,мұғалім оқушыларды бағалап үлгермей қалды.Соған қарамастан мұғалім қойған мақсатына жете білді.
      Химия пәні мұғалімі Байеділ А. 9 «А» сыныбымен «Фосфор» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың басын химия пәніне арналған өлең шумағымен бастады.Топқа біріктіру  мақсатында оқушылар формулалар жазылған қима қағаздарды таңдап,түстері арқылы топқа бірікті. Мұғалім өткен тақырыпты «Домино» әдісі арқылы сұрады. Сонымен қатар,қима қағаздың артына жұлдызша белгісі жазылған оқушылар сол топтың бақылаушысы болып сайланды.Әр топтың бақылаушысына бағалау парағы берілді.Жаңа тақырыпты түсіндіруі ерекше болды. География,биология,физика,химия мамандары фосфор тақырыбын өз салаларында қаңдай маңызы бар екенін түсіндірген бейне көрсетілім көрсетілді.Әр маманның түсіндіруінен кейін сол бейнекөрсетілім бойынша сұрақтар қойылдыЖаңа тақырыпқа байланысты «қызыл фосфордың ақ фосфорға айналуын» тәжірибе жүзінде көрсетті.Әр топтың лидері тақтаға шығып күрделі есептер шығарды. Оқушыларды сергіту мақсатында «табан ізі» қолданылды.Табан іздерінде химиялық формулалар жазылды,әр топтан бір оқушыдан шығып сол табан ізіндегі формулаларды атау керек. «Үш сөз» әдісі арылы кері байланыс алынды.Топ бақылаушысы әр топтың мүшесін бағалады және мұғалім өзінің қосымша бағасымен нақтылады. 
      «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» атты онкүндігіміздің жабылу кеші 21.02 күні аталып өтілді. Мектебіміздің білімді де,талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті.6 «А» сынып оқушысы Сарсенбек Баққонды «Батырлар ұраны» атты ән айтса,6 «В» сынып оқушылары «Математикалық ертегі» құрастырды,7 «В» сынып оқушылары «Қазақ биін» билеп, 9 «А» сынып оқушылары «Күлмес ханшайым» атты көрініс қойды. Осы онкүндікте белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарымыз мадақтама,алғыс хатпен марапатталды. 







ӘБ жетекшісі:                           Байеділ А.Б.