«Денсаулықты бағалайық» «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігінің өткізген апталығ » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Денсаулықты бағалайық» «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігінің өткізген апталығ
22
ноябрь
2021

«Денсаулықты бағалайық» «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігінің өткізген апталығ

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 40 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі







Апталықтың тақырыбы:
«Денсаулықты бағалайық»
«Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігі 











2021-2022 оқу жылы
«Өнер қырандары» әдістемелік бірлестік апталығы туралы  
ақпарат
                                                                                                                                                           2021 жылы, 20 қарашадан бастап «Өнер қырындары» әдістемелік бірлестігінің «Денсаулықты бағалайық» атты апталығы атап өтілді. Жоспарға сәйкес апталыққа сегіз мұғалім ашық сабақ өтіп, үш жас маман сабақтан тыс іс-шараға ат салысты. АӘД пәнінің ұстазы Құдайбергенов 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нурмаш М.Қ 2 сыныптар арасында «Толағай» атты сабақтан тыс іс-шара ұйымдастырды. Эстафеталық жарыстар оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп, мадақтау қағаздарымен марапатталды.                          




     
       «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптасуын қамтамасыз ету , білімге деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігінің алдына қойған мақсаттарының дұрыстығын, оқушылардың қорытуы мен тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан бастады. Әр ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәннің ғылыми—теориялық деңгейін, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалдарды кеңінен, тереңінен түсіндіру, оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендіріп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып, мақсаттарына жетті. Сабақтар жүйелі және өте тартымды өткізілді. Атап айтсақ 1«ә» сыныбы гиманстика сабағында мұғалімнің әр көрсеткен қимыл қозғалысын қайталап, қозғалмалы ойындар тақырыбын жетік менгерген. 
  
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Нурмаш М.Қ «Гиманастикалық жаттығулар» атты ашық сабағын 2 «ә» сыныбымен өтсе, Нургожаев Т «Акробатикалық жаттығулар» деген тақырыппен 3 «в» сыныбымен өтті.  

        Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Маукымбаев Ж.С 7 «б» сыныбымен өткен ашық сабағы қызықты өтіп, оқушылар топтық жұмысты толық менгергені көрініп тұр. Оқушылар волейбол ойынының тарихымен танысып, әдіс- тәсілдерін меңгерді.

  
    «Қозғалмалы ойындар» атты ашық сабағын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Султанбекова М.Е жоғары денгейде өтсе, жас маман Асанов Ғ.М ашық сабағы акробатикалық жаттығуларды оқушылар бойына дарыта білді. 


    
     Көркем еңбек пәнінің ұстазы Ерланов Б.Е 7 «ә» сыныбымен «Нобай орындау» атты ашық сабағын сәтті өткізіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. 

Жумагулова Н.Е «Өру түрлері» атты тақырыппен көркем еңбек пәнінен өз ашық сабағын 5 «а» сыныбымен өтіп, қыз балаларды кішкене кезінен ою ойғызып, тігін машинасымен, қайшы, инемен қауіпсіздік ережесін сақтай отыра жұмыс жасауда. 


 
       Апталықтың жабылу салтанаты «Күз 2021» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің мұғалімдері қатысып, бақтарын сынады. 






Қорыта келе «Өнер қырандары» апталығы жоғары денгейде өтілді. Апта ішінде жоспарланған іс-шаралар толығымен өтіліп, оқушылар марапатталды.  
                     

 ӘБ жетекші: Ж.С.Маукымбаев