Нургазина Айжанның «Skills 8 c. Sports in Kazakhstan» тақырыбында жүргізген ықшам сабақ » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нургазина Айжанның «Skills 8 c. Sports in Kazakhstan» тақырыбында жүргізген ықшам сабақ
17
август
2022

Нургазина Айжанның «Skills 8 c. Sports in Kazakhstan» тақырыбында жүргізген ықшам сабақ

Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Ту ауылы  «№24 жалпы білім беретін орта мектебінде» өткізілген “Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық” аудан мектептері арасындағы тамыз кеңесі аясында «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін № 40 орта мектебінің» ағылшын тілі пәні мұғалімі Нургазина Айжанның 

«Skills 8 c. Sports in Kazakhstan» тақырыбында жүргізген ықшам сабаққа

Анықтама



2022 жылдың 17 тамызында аудан мектептері арасындағы өткізілген тамыз кеңесінің мақсаты - жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ерекшеліктермен танысу. Секция барысында ағылшын тілі пәнінің 9 мұғалімі сабақтарын  баяндама, ықшам сабақ түрінде көрсетті.

«Skills 8 c. Sports in Kazakhstan» тақырыбында жүргізілген ықшам сабақ барысында мен қолданылған әдіс-тәсілдермен, өткізілген ойындармен бөлістім. Сонымен қатар сабақ барысында қолданылған көркем құралдарды көрсетіп, сабақтың бағалау әдістеріне тоқталып кеттім. Ықшам сабақ ағылшын тілінде жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға қойылған сұрақтар қойылды, мысалы психологиялық ахуал орнатуға арналған сұрақтар: What is the weather like today? How is your mood? What is the day of the week today? Look at the picture and guess what the theme of the lesson is? Бұл қойылған сұрақтар негізінде сабақтың негізгі тақырыбы және мақсаты не екенін болжап табуға көмектесті. 

Сабақ “Skills 8 c. Sports in Kazakhstan”  тақырыбында жүргізілді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары болып «5.R1  understand the main points in a limited range of short simple texts on general and curricular topics» алынды.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары: Ex.6. p.99. Read own sentences, they should use do, go, play and use adjectives. They should work with the blackboard.

Ықшам сабақтың негізгі бөлімінің басында бағалау әдістері түсіндірілді. Яғни, үй тапсырмасынан кейін оқушылар жаңадан сыйлық таңдау арқылы топқа біріктірілді:

1.      “Kazakhstan” team 

2.      ''USA’’ team

Бағалау әдісі: Golden coins

Homework: 1 point 

Quiz game: 1, 2, 3, 4 points for corresponding question

The Hoop game: 1 points

Listening task: 3 points

Reading task: 2 points

Сабақтың негізгі бөлігінің басында үй тапсырмасының тексерілу реті және бағалау критерийлері туралы айтылып кетті.Оқушылар алдымен жаңа сөздермен танысып, дәптерге жазып, айтылуын екі рет қайталап, жаттықты. Спорт туралы видеоролик көрсетіліп, жаңа сабақ түсіндірілді. Оқушылар тақтаға шығып, тыңдалған мәтін бойынша жауаптарын тақтаға жазып, дауыстап оқыды. Осы тапсырмалар реті қысқаша айтылып, презентацияда оқушылардың сабақ барысында тапсырманы қалай орындағаны суреттермен көрсетілді. 

Сабақ барысында бірнеше ойындар жүргізілді. Осы ойындардың шарттары түсіндіріліп, оқушы дұрыс орындаған тапсырмаға қанша балл алатыны айтылды. Мысалы, “Quiz game”.  Бұл тапсырма барысында топтық жарыс ұйымдастырылып, оқушылар 4 категориядағы сұрқатарға жауап берді. Ұпайлар сұрақтардың қиындығына байланысты берілді. Сұрақтарда сонымен қатар логикалық тапсырмалар да орын алды.

«Баскетбол ойыны» әдісі. Оқушылар топқа бөлініп, таблицадағы спорт түрлері мен жиілік үстеулерін қолданып, допты баскетбол шеңберіне лақтырды. Қарсы топтың мүшелері сол сұраққа жауап беріп, допты баскетбол шеңберіне лақтырды. 

“I know six words” шапалақ әдісі. Оқушылар шеңбер құрып, алақандарын көрші оқушының қолына қойды. Ойын барысында оқушылар алдыңғы сабақтағы және жаңа сөздерді естеріне түсіріп, сәйкес тақырыпқа байланысты сөздерді айтты. Ойын жылдамдыққа орындалды. Ойын барысында 6 сөз топтарын атап өтті: sports, sportsmen, equipments, adjectives, verbs.

“Crocodile” ойыны. Бұл тапсырма барысында оқушылар сабақта өткен спорт құралдарын өз тобына қимылмен көрсетуге тырысты. Ойын оқушаларды сергітіп, қорытында тапсырма ретінде қолданылды.

Ықшам сабақтың қорытындысы ретінде рефлексияға алынған баспалдақ көрсетілді. Яғни оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін баспалдақ рефлексиясына сәйкес карточкаларды жабысытыру арқылы көрсетті. Осыған қарап мұғалімнің сабақта қай тапсырмасы немесе бөлігі қандай оқушыға түсініксіз болғанын анықтауға болатындығы көрсетілді.