Жалпы білім беретін №40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аркабаева Акбота Балкашкызы Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы білім беретін №40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аркабаева Акбота Балкашкызы Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет
07
сентябрь
2021

Жалпы білім беретін №40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аркабаева Акбота Балкашкызы Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет

  Жалпы білім беретін №40 орта      мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аркабаева Акбота Балкашкызы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»

Рухани жаңғыру аясында қарастырылып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы іске қосылды. Тек біз ғана емес, күллі әлем бет бұрған жоба. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасалатын және қоғаммен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасатын құбылыс, демек оны сарқылмас қазына деуге де болады. Тек ұлтты соған сай тәрбиелеп, ата-баба дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізе алсақ болды. 

          Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде айтарым, бүгінгі жастарды алдымен өз әдебиетімізбен, ұлттық мәдениетімізбен және салт-дәстүрімізбен сусындатып, түпсаналарына сіңдіріп өсіру біз ұстаздар үшін һәм қарыз, һәм парыз болмақ. Сонда ғана жаһандық бәсекеге қабілетті ел бола аламыз. Себебі, әдебиеті дамымаған елдің мәдениеті де дамымайтыны сөзсіз. 



Француз жазушысы өзінің бір сұқбатында Бауыржан Момышұлына былай деп сұрақ қойған екен: «...Ата-бабаларыңыз көшпелі халық болған ғой, көшпелі халықта ақындық кабинет қайдан болсын?»- дегенде, Б.Момышұлы: Мен кейбір әдебиет зерттеушілердің қазақ әдебиеті беріден бастап дамыды дегеніне қосылмаймын, қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, шешендік жақтарын бірер аптаның ішінде айтып жеткізу қиын, оларды профессорларымыз университетте бүкіл жыл бойына талдап түсіндіреді. Міне, осындай ұлы шығармаларды жазған қазақ ақындарының кабинеті шексіз, шетсіз кең дала, тамаша табиғат аясы болған» деп, шетелдік азаматқа әдебиетімізді мойындата білген екен. 

Жазу, сызу дамымай тұрып-ақ қазақ әдебиетін қалыптастыра білген бабаларымыздың ұрапғы ретінде технология, білім, ғылым дамыған заманда өмір сүре отырып мәдениетімізді қалыптастыра алмау келешек ұрпақ алдында үлкен сын. Жаһандану дәуіріне қадам бастық десек те халқымыздың ұғымы толық жете қоймаған тағы бір мәдени ошақ – театр. Иә, көрерменге көзайым бола алмай отырған қаншама туындылар жатыр десеңізші?! Оқырманын таппай сөрелерде шаң басып жатқан рухани азығымызды қолға алмайынша, санамызға сәуле себетін шығармалармен таныс болмайынша, театрды аңсамасымыз анық. Бұл сөзіммен халқымыз өркениеттен жұрдай деуден аулақпын. Көркем әдебиетті іздеп оқып, оқыған шығармасының қойылымын көруге асық боп жүрген көрермен де баршылық әрине. Бірақ, бұлар теңізге құйған тамшыдай қазіргі заманғы қазақстанның мәдениеті жаһандық әлемде деуге жеткіліксіз. 

Бүгінгі дәуірдің даму қарқынын ескерер болсақ жоғарыда аталған мәселелердің түйіні оңай шешіледі деу қиын. Бастысы өркениетімізді заманның ағымына қарай бейімдеп, қоғамды қызықтыра білсек қана нәтижеге жетеріміз анық. Ол үшін кітап оқытудың жаңа үлгілерін ойлап, кітапхана желісін заман ағымына қарай жабдықтап, жаңа технологияларды мәдениетімізге сай бейімдей алсақ, аудиториямыз да кеңейіп, күллі жұрттың назарын аударта аламыз деп сенемін.  Бастысы, білім, ізденіс үстінде жүріп, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді қатар жандандырта білсек болды.