«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу мен ұйымдастыру жөніндегі бұйрық 2021 жылы 1 тамыздан 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өткізілуі мен ұйымдастырылуы туралы жұмыс жоспарымен таныстыру жоспары құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мақсаты: "Мектепке жол" акция барысында мектепте оқитын толық жетім. жартылай жетім, аз қамтылған әсіресе күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс - шараларды өткізу.
Қайырымдылық» акциясы жөніндегі ақпаратты мектебінің сайтына орналастырылды. Акция аясында сенім телефондары, «Мектепке жол» акциясы стенді – 1, «Мектепке жол» акциясы логотипі ауыл аумағына ілінді. Мектепке, сауда үйлеріне, дүкендер, ата-аналар қоғамдастығына, демеушілерге хабарландыру ілініп таратылды.
«Қайырымдылық» акциясы деген тақырыпта мектеп сыртына ілініп қойылды.
Демеушілер мен мектеп мұғалімдері атынан төмендегі жартылай жетім, әлеуметтік көмек алмайтын аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан
5 оқушыға көмек көрсетілді.
Мектеп кітапханшы «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялар ұйымдастыру кезінде, бірінші сыныпқа баратын оқушыларға фото корме жасалды.