01
октябрь
2019
Раимбекова Зауре
Талғар ауданы. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білімберетін №40 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Раимбекова Зауренің кәсіптік қызметіне
өзіндік талдауы
Мен,Раимбекова Зауре 2004-2006 жылдар аралығында Талғар ауданы Жамбыл Жабаев атындағы №6 орта мектепте жұмыс жасадым.
2014-2017 жыл аралығында Іле ауданы №21 орта мектепте жұмыс істедім. Одан кейін «Талғар ауданы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім №40 орта мектебі» КММ де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеп келемін. Аталған оқу мекемесіндегі жұмыс өтілім-1жыл 9 ай. Cанатым-2014-2015 оқу жылынан бастап екінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімін. Жалпы кәсіптік қызметімдегі алға қойған мақсатым мен ұстанымым; Абай атамыз айтқандай «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,ақылың мен білімің екі жақтап» Елбасысыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында «Өмір сүру үшін өзгере білу керек,оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді”-деген екен. Жақсы ұстаз кәсіби біліктілігі жоғары тиімді оқытудың жаңа технологиясын өмірге енгізуге дайын жан-жақты жаңашыл ұстаз. Өз іс-тәжірбиемді дамыту барысында түрлі курстарға, семинарға мектепшілік жас мамандар арасында коучинг сабақтар өткізіп өз білімімді жетілдіріп отырамын. Өзекті тақырыбым; «Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау білім сапасын арттыру» Сандық технологиялар дамығвн заманында, Қазақстандық сайттарға es.em.ka.kz.білім ленд өрлеу kz.телеграм сайттарға үнемі кіріп отырамын,және де өзімде бар ақпараттарды сайттағы әріптестерім мен бөлісемін. Жаңа технологияларды «Дамыта оқыту,диалогтік оқыту, СТО,АКТ, ынтымақтастық» барынша қолдана отырып сабақтың сапалы өтуіуін басты назарда ұстаймын. Word,Power Point,Paint,Excel программаларымен еркін жұмыс істей аламын. Инновация білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық болса,ал инновациядағы мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін төмендегі барлық инновациялық компоненттерді
-Ақпараттық
-Зерттеу
-Интеллектуалды
-Диагностикалық
-Болжау
-Коммуникативті
-Аксиологиялық
-Басқару
-Жобалау т.б компоненттерді сабағымда жиі қолданамын.
Кәсіби құзыреттіліктің бірден келе салмайтындығы белгілі,оны әр мұғалім ерте ме,кеш пе меңгеруі тиіс. Сындарлы оқыту аясында жаңартылған бағдарлама бойынша 5-6 сыныптарға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдапна отырып сабақ беремін. Өз іс-тәжірбиемде аудан,облыс, республика көлемінде бөлісе білдім.
Оқушыларымды аудан,облыс көлемінде пән олимпиадасына қатыстырдым.
Облыстық, Республикалық, Халықаралық дәрежеде интеллектуалды сайыстарға қатыстырып,жүлделі орындарға иелендік. Яғни, интелектуалдық,шығармашылық қабілетті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігін арттыра білдім.
Оқытуда заманауи озық әдістерді пайдалану арқылы әр оқушының жеке қабілетін дамыта оқу үрдісін тұлғаға бағыттай отырып,білім сапасын көтеру бағытында жұмыс істеймін.
Қазіргі таңда Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге, бүкіл оқу -әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.
Осындай басты талаптарды негізге ала отырып, «Өмірге бейімді оқушыларды даярлау, кәсіби шеберлігімді ұдайы жетілдіру және оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру-басты бағыт» атты өзіндік білім көтеру тақыбыбы аясында жұмыс істеудемін.Осыған орай төмендегі біліктілікті арттыру курстарынан өттім:
2014 жылғы 05 мамыр №250 бұйрығы негізінде II санаты берілді.
2014 жылы «ActivStudio» бағдарламасы бойынша интерактивті тақтаның мүмкіндіктері атты курсты аяқтады.
2015 жылы иновациялық технологияларды дамыту мақсатында «Қазақ халқының қолөнері»атты Алматы облыстық ғылыми-практикалық курстан өтті.
2016 жыл «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы.
«Пәнді оқытудың жаңа бағыттары мен ҰБТ-дайындаудың тиімді жолдары»
2016 жылы «Бақыт»! Табыс!Шеберлік! немес оқушы мен ұстаздар арасындағы табысты байланыс» атты облыстық семинар-тренингтен өтті.
2016 жыл Талдықорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі» пәні боцынша біліктілікті арттырудың оқыту курсын аяқтады.
2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Тиімді оқыту» курстан өтті.
Талғар аудандық білім бөлімінің бұйрығымен 2019 жылы 200-бұйрығымен педагог-сарапшыға өтті.
«ActivInspire» бағдарламасы бойынша интерактивті тақтаның мүмкіндіктері курсын аяқтады.
«Инклюзивті білім беру мен ерекше қадағалауды қажет ететін балаларды тәрбиелеу,оқыту жеке қабілеттерін дамыту әдістері»
20.01.2021-06.02.2021ж өтті
«Білім беруді баскару; жаңа көзқарас,жаңаша тәсілдер»
25.03.2021-16.04.2021ж өтті
Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында:
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырудың және иновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Әлемдік тәжірбиеден белгілі жайт:мемлекет үшін білім беретін оқу орны-ғылым,білім және мәдениеттің тоғысқан жері,зерде биігі болып табылатындығы мектеп ішінде қайнап жатқан шығармашылық тұрғыдағы жұмыстардан байқалады.Атап айтсам «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ», «Білім жолы сара жол,болашаққа бастар жол», «Тіл-білім мен тәрбие құралы, асыл ойдың бұлағы»атты тақырыптарда біңрлестігімізде үздік онкүндіктер өткіздім.
Дарынды оқушылар 2016-2017-2018 өзінде КҒА, Аудандық пәнаралық олимпиадасына және де аудандық оқуларға қатысып,бәрі де жүлделі орынмен оралды. 9 «А» сыныбында сынып жетекшілік етемін. Сынып оқушыларым мектепшілік іс-шараларға қатысып отырады. Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, сынып төңерегінде не болып жатқанын хабарлап отырамын.
Өз іс-әрекеттерімнің нәтижелерін тек талдап немес сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойлармен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейімді жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби байқауларға белсене қатысып отырамын.
Кәсіптік қызметімнің талдауды қорытындылай келе, XXI ғасыр -білімділер ғасырлы дегім келеді.Ұлы жазушы
М.Әуезов: «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін білім»
Дегеніндей кәсіптік қызметімнің өсу барысын дәлелдеу негізінде төмендегі мадақтамаларым мен жетістіктерімді,оқушыларымның жетістіктерін ұсынамын:
2015-2016 жылдары Аудандық «Абай оқулары» Мырзабекова Назира II орын, Дәуітхан Қосай III орынмен марапатталды.
2015 жылы Аудандық «Махамбет оқулары» І орынмен Басынбеков Ермек марапатталды.
2015 жылы Байсерке ауылдық округі бойынша Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің «Менің Мұқағалиім» 7-8 байқауда Мырзабекова Назира ІІ орынмен марапатталды.
2016 жылы Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасына ІІ орынмен Мырзабекова Назира марапатталды.
2017 жылы Іле аудандық білім бөлімі Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау мақсатында Сакжанова Маржан III орынмен марапатталды.
2017 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырылған қазақ тілі пән бойынша ғылыми жобаға Асентай Салауат номинациялы сертификатпен иеленді
2018 жылы Аудандық «Жарқын болашақ»олимпиадасына Ерәулет Бақдәулет II орынмен марапатталды.
Республикалық «Ақ бота »журналына дарынды Самат Әділет дипломмен марапатталды.
2018 жылы «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырылған қазақ тілі пәні бойынша ғылыми жобада Самат Әділет III орынмен дипломмен марапатталды.
2019 жылы Аудандық «Жарқын болашақ»олимпиадасына Бейсембай Ақмарал дайындағаны үшін бас жүлдемен және Оразбек Дастан II орынмен,Орынбасар Жұлдыз IIIорынмен марапатталды.
Талғар Аудандық Әбіш оқуларына «Өнерің өрге жүзсін» атты бөлімі бойынша II орынмен Бейсембай Ақмарал марапатталды.
2019 жыл «Мен жастарға сенемін» республикалық байқауда Оразбек Дастан қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халықаралық білім дамыту орталығы Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына арналған «Қазақстан қара өлең құдіретім» атты Республикалық байқауға қатысып, II орынмен Байтемірова Жұлдыз марапатталды.
2019 жылы «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» Республикалық ғылыми әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Ұлы Абайы» атты тақырыпта балалар өнер байқауында көркем сөз жанры бойынша өнер көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін, I орынмен Сапарғали Гүлнұр марапатталады.
2019 жылы « Tilmash-Balalar» Ұлттық зияткерлік марафонында, III орын алғаны үшін 9-шы сынып оқушысы Орынбасар Жұлдыз, марапатталады.
III орын алғаны үшін шы сынып оқушысы Мұхамеджанова Қарақат марапатталады.
II Орын алғаны үшін 9-шы сынып оқушысы Искандр Мейірман марапатталады.
2020 жылы Республикалық «Жас Дарын» дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали Мақатаевтың жылдығына орай ұйымдастырылған «САМҒА САМРҰҚ-XI» байқауында «КӨРКЕМСӨЗ» аталымы бойынша I орынмен Нағашбек Назерке марапатталады.
« САМҒА САМРҰҚ-XI» байқауында «ШЫҒАРМАШЫ» аталымы бойынша БАС ЖУЛДЕМЕН Мұратбек Гаухар марапатталады.
2020 Аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларна «Дарындылар командасы» ІІІ орынмен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқушылар шығармашылық «Атамекен» би байқауынан ІІІ орынмен марапатталды.
Аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларында ІІІ орынмен Орынбасар Сая марапатталды.
Аудандық Жамбыл Жабаев оқуларна Ердықанұлы Ералы І орынмен марапатталды.
Біліктілікті арттыру мақсатында:
2014-2015 жылдары Іле таңы галетінде өз мақаласы жарыққа шықты.
2016 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану атты кітапта 68-69 бетте «Абай лирикасындағы заман адамы»атты сабақ жоспары жарыққа шықты.
2017 жылы Алматы облысының білім басқармасының «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру»мақаласы 17 бетінде «Мақал-мәтелдер»атты тақырыпта жарық көрді.
2018 жылы «Ұстаз-мектеп тірегі»Республикалық ғылыми -әдістемелік журналының № 5 13 бетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану»атты мақаласы жарық көрді;
2018 жылы «Қайнар көзі» облыстық әдеби-әдістемелік журналының №10 санының 35 беттегі «Туған жер-киесі, дархан дарын -иесі » атты мақаласы жарияланды.
2019 жылы «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» Республикалық ғылыми әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Ұлы Абайы» атты тақырыпта балалар өнер байқауында шәкірт дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.
Республикалық «Ұстаз-мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналына ең үздік шәкірт дайындағаны үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалының саяси кеңісі
«Алғыс хат» Талғар қаласы-2021 жыл
13. Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай өткізілген «Үздік педагог» кашыктык олимпиадасына біліктілік танытып жүлдегері атанған
2022 жылы Гүлдала ауылдық округінің әкімі «Алғыс хат»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Раимбекова Зауре