Нургазина Айжан Хасановна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Нургазина Айжан Хасановна

Аты-жөні: Нургазина Айжан Хасановна
Туған күні мен жылы: 27.11.1992 ж
Педагогикалық өтілі: 5 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 1 жыл 
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): 
Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша бітірді. Қостанай өңірлік университетінің “Шетел тілі филолологиясы” мамандығын магистр дәрежесімен бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі               “Ұлағат педагогикалық біліктілігін арттыру орталығы ” базасында жаңартылған бағдарлама  - заман талабы тақырыбында ағылшын тілі пәні бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.

Жұмысы туралы
    Мұғалімнің өзекті мәселесі оқушылардың бір-бірімен қарым қатынас жасай алу дағдыларын, жаһандану жағдайында оқушылардың өз білімін тиімді қолдана білу дағдаларын дамыту. Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең,  өз пәнінің оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандырады және оларға тілді үйренудің тиімді жолдарын ұсынады. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарайды. 
Нургазина Айжан Хасановна 2018 жылдан бері ағылшын тілі пәні  мұғалімі қызметін  атқарып келеді.
Нургазина Айжан Хасановна шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынадай нәтижелерге жетті.
2020 ж. WUT 2020 10th International Conference “Word, Utterance, Text: Cognitive, Pragmatic and Cultural Aspects” атты мақалалар жинағында “Media discourse as a component of the university’s information space” мақаласы жарияланды.
2020 ж. «Глобальная наука и инновация 2020: Центральная азия» халықаралық ғылыми-практикалық журналында “Coronavirus affected discourse of the universities’ websites” атты мақаласы жарияланды.
2021 ж. «Актуальные проблемы современной лингвистики и лингводидактики» Халықаралық ғылыми-практикалық студенттердің, магистранттардың және жас ғылымдардың конференцияcында “Structure of the university websites' discourse” мақаласы жарияланды.