Кадет сыныбы-мектеп мақтанышы. » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Коммунальное Управления образованияның
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
Отдел образования Талгарского района
Приемная
+727(360-54-15)
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Кадет сыныбы-мектеп мақтанышы.
22
ноябрь
2021

Кадет сыныбы-мектеп мақтанышы.

Кадет сыныбы-мектеп мақтанышы.
Биылғы жылы мектебімізде «ЖАС САРБАЗ» кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныбының ашылу бұйрығы 01.09.2021 жылы 60-Ө берілді .Кадет сыныбына орта білім беретін мектептердің 4 сыныбын тәмамдаған оқушылар қабылданды.
       Олар жалпы білімнен бөлек әскери іс-негізі,құқықтық білім беру, болашақ күш құрлымдары қызметкерлерінің этникасы сияқты  бағдарламаларды тереңдетіп оқиды .Сабақтан тыс хореграфия  және домбыра,қазақша күрес,алғашқы әскери дайындық сабақтары аптасына екі рет өтеді және  ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
     Кадет сыныбының сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курманова Балжан Толеубековна. Әскери жетекшісі:Құдайбергенов Сырым Адилбаевич.
      Кадеттер күні таңғы жаттығу жасаумен басталады.Одан кейін сабақ кестесі бойынша сабақтар өтіледі.Мектеп тарапынан түскі ас беріледі.Түскі астан кейін демалыс бөлмесінде жарты сағаттық үзіліс жасайды.Түстен кейін екі сағат домтапсырмасын орындайды.Одан кейін «Жас Сарбаз» бағдарламасы бойынша қосымша сабақтар мен қосымша жаттығулар болады.Келесі қосымша үйірме жұмыстары болады.Өтілетін қосымша жаттығулар:саптық дайындық, кедергілер алаңында,автоматты бұзып, шашу жаттығулары.Үйірме жұмыстары:дзюдо,домбыра сабағы,би сабағы.Қосымша сабақтар:жалпы әскери қызметтің негіздері,жолда жүру ережесі,әскери техника және қару-жарақ құрылысы,тир сабағы және әскери топография.
         Кадеттер алғашқы жетістіктерін көрсете бастады.Мектебімізде өткен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» байланысты 5-сыныптар арасында өткен спорттық жарыста 1 орынды иеленді.Сонымен қатар дзюдо күресінен 2011-2012.2013-2014ж.т.балалар арасында Байсерке ауылының ашық біріншілігінен 29 кг .салмақ дәрежесінде  2 орын алды.Іле  ауданының ашық турнирінде кадет Султанбекова 1 орын, кадет Нұрманбет 2 орын иеленді.