Педагог-модератор информатика пәнінің мұғалімі Балғабай Арайлым Болатқызы
№ 40 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Әл-Фараби бірлестігінің мүшесі, информатика пәнінің мұғалімі Балғабай Арайлым Болатқызының 2022-2023 оқу жылы, 17 тамыз күні, 24 мектепте өткен тамыз кеңесінде көрсеткен ықшам сабағына
Анықтама

Тамыз кеңесінің аясында информатика пәнінен «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері» тақырыбында ықшам сабаққа өткізу жоспарланған. Оқушылардың білімге деген құштарлық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты қызықты, тартымды, түрлендіріп өткізу –мұғалім үшін күнделікті іс.
“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” – деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа ақпараттық технологиялық, ғылыми – теориялық білім беруге ұмтыламын.
Программа – компьютер түсінетін тілде жазылған командалар мен нұсқаулар жиынтығы. Программа компьютерде белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған нақты команда тізбектерінен және нұсқаулықтардан тұрады. Программа жазу процесін программалау, ал программа жазатын адамды программалаушы деп атайды. Компьютер түсініп қабылдай алатын тілді программалау тілі дейміз. Компьютерлік программа – компьютерді басқаруға арналған логикалық құрылымы мен реттілігі бар командалар жиынтығы болып табылатындығын оқушыларға ұғындыру.
Бөлім: Python тілінде программалау
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық тәрбиелеу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
6.3.2.1 Арифметикалық өрнектерді Python тілінде жазу
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу
Психологиялық ахуал қалыптастыру:Prezi программасын қолдану арқылы сыныптағы оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастыру. https://prezi.com/p/njialpax9snv/?present=1
Оқушыларды топқа біріктіруге https://www.online-stopwatch.com/ программасын пайдалана отырып, интерактивті тақата көмегімен оқушыларды топқа біріктіріп алдым
1-топ: Нақты типтер
2-топ: Бүтін типтер
3-топ: Логикалық типтер
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары: learningapps программасын пайдаланып алдыңғы білімді еске түсірді.
https://learningapps.org/display?v=py086jjfc21 Деректер типінің тип атауларын қатесіз табу тапсырмаларын орындады.
learningapps программасын пайдаланып, оқушылар математикалық тілдегі өрнектер мен программалау тіліндегі өрнектерді табу арқылы жаңа тақырыпты ашты.
Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте, 87-бет,2-кесте, 88-бет, 3-кестелермен оқушыларды таныстыру.
Амалдардың орындалу реті (1-кесте)
Амалдардың программада қысқартылып жазылуы (2-кесте)
Стандартты функциялар (3-кесте)
Компьютерді қолдана отырып (Python программасы)
Жұппен жұмыс. 1-тапсырма.
Оқулық § 3.4, 88-бет, 1,2,3-тапсырма
Жұппен жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық § 3.4, 88-бет, «Практикада қолдану» 1-практикалық тапсырма
Жұппен жұмыс. 3-тапсырма.
Оқулық § 3.4, 88-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
2-практикалық тапсырма.
Сабақтың соңы: plickersпрограммасын қолдана отырып топпен оқушылардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. https://www.plickers.com/library
Оқушылардан кері байланыс «Ойды аяқта» арқылы алынды.
Информатика пән мұғалімі: Балғабай А.Б.