17
август
2022
Педагог-модератор Биология пәнінің мұғалімі Абдраманқұл Назерке Бақытжанқызы
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» №40 жалпы білім беретін орта мектебі «Биология сабағында заманауи әдістер мен инновацияларды қолдану» тақырыбында өткізілген ықшам сабаққа
Анықтама
Бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, озат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Талғар ауданы, Қызыл Ту ауылы №24мектепте өткізілген 2022-2023 оқу жылына арналған тамыз кеңесінің, биология, география химия секциясында биология сабағын қызықты, әрі уақытты үнемді пайдалану үшін сабақта қолдануға болатын жаңа инновациялық бағдарламаларды ұсындым. 1.Топқа біріктіру. QR code арқылы.QR code түсін өзгерту және логотип құрастыру. 2.ZipGrade бағдарламасының көмегімен бөлімді қорытындылауға арналған тест құрастыру. 3.Genially бағдарламасы арқылы интербелсенді тапсырма құрастыру
4.Сабақ мақсатына жетуге көмекші Mozaik 3D бағдарламасы
Қорыта келе, педагогикалық заманауи әдістер мен инновациялық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар, мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.