Мухамадиева Жанар Каюмовна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

Мухамадиева Жанар Каюмовна

Аты-жөні: Мухамадиева Жанар КаюмовнаТуған күні мен жылы: 03.08.1970 жыл
Педагогикалық өтілі: 19 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 19 жыл
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі):
І. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих мамандығын 2002 жылы аяқтады. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында 2006 жылы магистратураны тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2018 жылы «Қауыпсіздікті сақтау мен еңбекті қорғау» курсы бойынша оқыту курсын аяқтады.
2019 жылы «Адалдық жолы- мәңгілік жол»атты онлаин семинарын нәтижелі аяқтады.
2020 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім берудегі менеджмент» оқыту курстарын аяқтады» оқыту курстарын аяқтады.
2021 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеясы мен әдіс-тәсілдері»  тақырыбында білім беру бағдарламасының біліктілікті  арттыру курсын аяқтады.
2021 жылы «Қауыпсіздік және еңбекті қорғау»  тақырыбында білім беру бағдарламасының біліктілікті  арттыру курсын аяқтады.
Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 
2017 жыл Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  министрлігі Шет тілдер және іскерлік карьера Университетінің алғыс хаты
2018 жыл Талғар аудандық білім бөлімінен  МАДАҚТАМА
2019 жыл Талғар аудандық білім бөлімінен  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
2019 жыл «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің Алғыс хаты
2020 жыл «Өрлеу» » біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Дипломмен марапатталды.
«Білім әлемі» Республикалық ғылыми-танымдық, тәрбиелік педагогикалық журналының №1 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін Дипломмен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында 
авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2021 Алматы облысының жастар ресурстық орталығының   білім беру саласының өркендеу жолында  адал қызмет етіп,  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі  үшін Алғыс хатымен марапатталды.
Республикалық «Жас дарын»  орталығының ұйымдастыруымен «Үздік ашық сабақ» аталымы бойынша марапатталды
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Ұстаз - мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда тарих пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 



Мұғалімнің өзекті мәселесі «Тарих пәнін жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау  модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруда, ізденімпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта  қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда, ОЖСБ-де оқушылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. 
Мухамадиева Жанар Каюмовна 2002 жылдан бері тарих пәні мұғалімі қызметін  атқарып келеді.
Мухамадиева Жанар Каюмовна шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынандай нәтижелерге жетті.
«Білім әлемі» Республикалық ғылыми-танымдық, тәрбиелік педагогикалық журналының №1 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін Дипломмен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Ұстаз - мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда тарих пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
2019ж. Облыстық ғылыми жобалар конкурсында тарих пәні бойынша ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.