2022 жыл «Педагогикалық тандем» » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2022

2022 жыл «Педагогикалық тандем»

Талғар ауданы Белбұлақ  ауылындағы 10 орта мектепте аудан мектептеріне30 -наурыз 2022 жылы«Педагогикалық тандем» атты әдістемелік  жәрмеңке ұйымдастырылды.«Педагогикалық тандем» атты әдістемелік  жәрмеңкенің мақсаты,мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау тәжірбие алмасу.

Әдістемелік  жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізілді.
Оқу үрдісі сабақ барысы. 
Оқу тәрбие үрдісі(тәрбие бағытының жұмысы)

1–кезең.  Мектебіміздің  бастауыш сынып мұғалімі  Айдымбаева Айнагуль Елюбаевна  мен жас маман Даулетхан Медет Ерланұлы Жаратылыстану пәнінен «Топырақтың қандай қасиеті бар?» атты тақырыпта шебер сынып  сабағынан алдыңғы сабақ пен жаңа сабақты ашу кезеңінен «Кубизм» әдіс-тәсілдерін қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
   
2 – кезең. Оқу тәрбие үрдісі(тәрбие бағытының жұмысы )
"Бата менен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер"демекші, Жас маман Даулетхан Медет ақ батасымен ұлағатты ұстаздарымызды наурыз мерекесімен құттықтап мерекелік шашу шашылды. «Керуенді қамшылау» әдісімен ойындар ойнатылды. 
      
 
Тәлімдер мен жас маманға  кезеңдер соңында  https://padlet.com/    dashboard   https://padlet.com/  28arai/wee3uxycz73n  14wa Кері байланысы online.хат https://padlet.com/dashboard  әдісін қолданып, кері байланыс жазды.
    
Байқау нетижесі бойынша Тәлімгер- Айдымбаева Айнагуль Елюбаевнамен жас маман- Даулетхан Медет Ерланұлы жүлделі I орынмен марапатталып, облысқа жолдама алды.
     
Мектеп ұжымы жеңімпаздарды құшақ жая қарсы алды.
   

Бастауыш сынып мұғалімі:                            Айдымбаева А.Е.