01 сентябрь 2021 0 1 2 3 4 5 Назарбекова Жанар Сауытовна Аты-жөні: Назарбекова Жанар СауытовнаТуған күні мен жылы: 13.05.1970Педагогикалық өтілі: : 31,7 жыл Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 31,7 жыл Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): Жоғары. Шығыс Қазақстан мемл.унив. 1994ж. Бастауыш сынып оқыту. ЖБ-ІІ №0032483 Бастауыш сынып мұғаліміБіліктілігін арттыру туралы: 2018 жылы Жаңартылған Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Талдықорғандағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық оқыту курсын аяқтады.2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Шығармашылық шеберлік баулу орталығы» ЖШС базасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Жас мамандардың қызметін ұйымдастыру,бақылау басшылық жасау кәсіби құзыреттілік деңгейін дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық оқыту курсын аяқтады.3. 2021 жылы Педагогтің Цифрлық құзырлығын дамыту курсы аяқтады.Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 2020жылы Республикалық «Өрлеу» порталы, республикалық MediaBilim журналы ақпараттық қолдауымен өткізілген «Жаңартылған білім беру үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі» атты республикалық семинарға қатысты. 2020 жылы Талғар ауданы,Егеменді еліміздің білім беру саласындағы көп жылғы табысты еңбегі және ұлттық құндылықтарды, рухани байлықтарды, мәдениет пен салт дәстүрді оқушыларға насихаттау мақсатында жеткен жетістіктері үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ2021жылы Педагогика саласында елеулі еңбек етіп, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ» атты балалар байқауының арнайы АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.2021 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған республикалық олимпиаданың Математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы бойынша жүлдегері ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.2021 жылы Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуеліздігінің баянды болуына өз үлесіңізді қосып келесіз! Сондай-ақ, Сіз Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындалы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауда да белсенділік танытып жүрсіз.Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында басынды да бақытты ғұмыр кешуіңізге және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен тың идеялардың жүзеге асырылуына тілектеспін! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!Мерейтойдың осы айтулы күніндетек қана гүлдену, табыс және тұрақтылық тілеймін деген мәтіндегі АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.2021 жылы Мейірімділіктің,шаттықтың нышаны Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес,ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене қызу араласатын қоғам мүшесі деген мәтіндегі АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.Жұмысы туралыМұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сыныпты жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруда, ізденімпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда оқушылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. Назарбекова Жанар Сауытовна,шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетті.