17
август
2022
География пәні мұғалімі Бекетова Баянның тамыз кеңесінде көрсеткен ықшам сабағы
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері тақырыбына арналған ықшам сабақтың анықтамасы
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Дүниежүзілік мұхиттың құрамы және географиялық орналасуы туралы біледі, мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды. Дүниежүзілік мұхит суларын қорғауда ұқыпты қарым-қатынас жасауға үйренеді, зерттеушілік құзіреттіліктері дамиды және экологиялық мәдениетке тәрбиеленеді.
Сабақтың мақсаты:
Дүниежүзі, Қазақстанның және өз аймағының су ресурстарының географиялық орналасу ерекшеліктерін айтады, тақырыптың түйінді түсініктерін естеріне сақтайды және атап береді.
Дүниежүзілік мұхиттың құрамы және географиялық орналасуының себеп-салдар байланыстарына баға береді және түсіндіреді, тақырып бойынша зерттеу жобаларын дайындайды.
Бұл ықшам сабақта оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау , қорытындылау мақсатына арналған әдіс тәсілдерді қалай пайдалануды көрсетттім.
Бірінші білім алушыларды А, Б, С деңгейіне бөліп алып, А тобындағы оқушыларға суретке жасырылған сұрақтарды ұсындым. Олар өздеріне берілген сұрақтардың жауабын тауып,толық суреттегі жасырылған географиялық нысанның орналасқан жерін картадан көрсетеді. Бұл топтық жұмыс болып табылады.
Пазлы құрастыру әдісі:
Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, құрастырылған суреттегі географиялық нысанды табу
Бүкіл жербетінің жалпы ауданы, құрлық бетінің ауданы, мұхиттардың жалпы ауданы, Атлант мұхитының көлемі, Тынық мұхитының көлемі, Солтүстік мұзды мұхитының көлемі, Үнді мұхитының көлемі, тынық мұхиттың терең жері, Солтүстік мұзды мұхиттың терең жері, атлант мұхитының ең терең жері, Үнді мұхитының терең жері.
Бұл топтық жұмыста ынталандыру мақсатында Алтын кубок және алтын жұлдыз қима қағаздары беріледі