Жаңа бұйрық бекітілді Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа бұйрық бекітілді Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.
31
май
2022

Жаңа бұйрық бекітілді Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Жаңа бұйрық бекітілді
Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын. 

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.

Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. Оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейін. Осылайша ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленген болатын. 

Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. 

Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр.