2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары. » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары.
13
июль
2023

2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары.

1.2. Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындысына қысқаша талдау
    Жалпы орта білім беру мектебі – бұл мемлекеттік білім беру мекемесінің бір түрі, бастауыш, негізгі жалпы және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және оқушылардың белсенді интеллектуалды еңбекке, шығармашылық және түрлі ғылымдардың негізін зерттеу қызметімен айналысуға дайындайды.  Мектеп жұмысының мақсаты мен міндеттері: педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру негізінде оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру.
Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында тамыз есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке үнемі тіркелді. Оқушылардың жеке іс қағаздары жүргізіліп, мақтау қағаздары, мұғалімдердің kundelik.kz уақытыл қадағаланып, табельдері тіркеліп отырылды. Бірінші сыныпқа оқушылар жасына сәйкес қабылданды. 
Оқушылар контингентінің және үйден оқитын оқушылар туралы қысқаша мәлімет:
    2022-2023 оқу жылын мектебімізде 873 оқушымен аяқтады, олардың ішінде үздік оқушылар -193, екпінді оқушылар -313. Бес күндік жұмыс кестесі және сабақтар 2 ауысымда өткізілді.
Жеке оқытылатын денсаулығына байланысты (үйде оқытылатын) – 3 оқушы.
2-сынып оқушысы Ертан А.А., 3-сынып оқушысы Дүнген Ә.А., 6-сынып оқушысы Бақыт А.Р., 6-сынып оқушысы Баянғали Аңсар денсаулықтарына байланысты және ОПМПК тұжырымдамасында көрсетілген бағдарлама бойынша 2021 жылдан бастап үйде оқытылды.
Барлық оқушылар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес уақытында білім алды.
Оқушылардың тоқсандық және жиынтық жұмыстары толығымен тексеріліп, жұмыс папкасына салынды. Ата-ана тарапынан пән мұғалімдеріне шағымдар жоқ, мектеп психологтары қосымша балалармен жұмыс атқарды оқушылармен жұмыс толық тексеріліп мұғалімдердің жұмыс папкасына салынды.





Жұмыс табелі
I және II жартыжылдықта Қазақстан Рeспубликасының Еңбек Кодексіне сәйкес уақтылы жалақы беріліп, ауырған мұғалімдердің сабақтары уақытында аустырылып отырды. Мұғалімдер еңбек демалысына шығарылып, таныстыру жұмыстары жүргізілді. 
НОБД
2022-2023 оқу жылында НОБД-мен жұмыстарда өз қиындықтарыда кездесіп жатты мысалы: мектепте ЖСН қате енгізілген оқушыларды қайта тіркеу, мектепке жаңадан келіп жатқан оқушыларды білім мекемелерінен шығарулары жұмысқа кедергілерін келтірді.
    Білім беру үдерісінің негізгі мәліметтер оның ішінде үйірмелердің және секциялардың түрлерімен олардың саны, қанша бала қамтылғаны туралы мәліметтермен толықтырылып, келуі тиіс оқушылар мен кетуі тиіс оқушылар жетік назарға алынып, уақытылы қабылданып, шығарылып отырылды.
          Материялдық- техниалық қор бөлімінде біршама өзгертулер болды. Оның ішінде: компьютерлеу және компьютермен қамтылған кабинеттер саны бойынша, қашықтықтан оқытылуға байланысты компьютерге мұқтаж оқушыларға Республикалық бюджет  және жергілікті бюджет компьютерлер мен планшет және ноутбуктар берілген болатын. Соған байланысты тағыда нақтылау барысында тексеру жұмыстары жүргізілді. Түгендеу нөмірі  (Инвентарный номер) бойынша НОБД  жүйесіне тіркеу жұмыстары жасалынды.
Жылдық қорытынды бойынша сыныптардың білім сапасы көрсеткіші:
   Тоқсан сайын білім сапасы мониторингі жасалып, талдау - сараптау жүргізу, нәтижесін педагогикалық кеңестерде талқылау іске асырылды, жыл соңында барлық сыныптар бойынша білім сапасы 65,5% көрсетті. 
Сыныптар бойынша білім сапасының көрсеткіші:


22 оқушы
77%
Бақытқызы С.



22 оқушы
68%
Мырзалимова А.



21 оқушы
71%
Бакирова А.



22 оқушы
68%
Куанышпаева Г.



15 оқушы
73%
Нургазыева Д.



21 оқушы
62%
Молдақын Ж.



21 оқушы
76%
Батырбаева Л.



21 оқушы
76%
Есиркеева Ш.



18 оқушы
78%
Куаншалиева Э.



25 оқушы
60%
Жубанканова А.



25 оқушы
68%
Айдымбаева А.



25 оқушы
12%
Пірназар Ғ.



27 оқушы
63%
Маримова Б.



10 оқушы
70%
Имамбетова С.



 24 оқушы
63%
Иманжанова С.



 20 оқушы
95%
Сұлтанбекова М.



 24 оқушы
58%
Нұрмаш М.



 11 оқушы
64%
Касимова Г.



 25 оқушы
52%
Мамбетов Е.



 16 оқушы
100%
Курманова Б 



 25 оқушы
60%
Байдулатова А 



 25 оқушы
64%
Жақсыбаев С 



 12 оқушы
42%
Отарбаева А.



 21 оқушы
67%
Бейсова Ж.



 20 оқушы
70%
Капасова Г.



 18 оқушы
67%
Олжабай А.



 21 оқушы
62%
Сарыбаева Б.



 13 оқушы
54%
Абдраманқұл Н



 22 оқушы
64%
Жумагулова Н



 25 оқушы
64%
Канатова Н К



 22 оқушы
59%
Бекбосынова И.



 12 оқушы
67%
Канатова Н.А.



 24 оқушы
67%
Уразова М



 23 оқушы
48%
Уразова М



 14 оқушы
57%
Тәңірберген М

34
10а
24 оқушы
54%
Әбішева А.Қ.

35
11а
22 оқушы
36%
Байеділ А.


«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес және Талғар ауданы Білім бөлімінің 25 сәуірдегі №128-Н бұйрығын басшылыққа ала отырып, 9 және 11 сыныптар арасында қорытынды аттестаттаудан 9-сыныптар бойынша 61 оқушы, оның 6 үздік аттестат, ал 11-сыныпты 16 оқушы, оның 1 оқушы үздік аттестатпен аяқтады. Денсаулығына байланысты немесе кешігіп келген оқушылар болмады. Барлық емтихан өз деңгейінде өтті. 
2022-2023 оқу жылында ҰБТ тапсыруға 16 білім алушы өтініш беріп, тест тапсыруға дайындық жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынып бекіткен, сыныптарға арналған оқулықтарды міндетті түрде негізге ала отырып, тақырыптар бойынша құрастырылған жинақтар, түрлі нұсқадағы тест тапсырмаларды, деңгейлік, логикалық сұрақ, жаттығуларды оқушыларға бере отырып, сол тапсырмалардың дұрыс жауабын, шешімін табуда бағыт-бағдар, теориялық -практикалық білім бере отырып, оқушылардың бойында өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін іздену, анализдеу, талдау, дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерін арттыру мақсатында жұмыс жасалып отырды.
2022-2023 оқу жылында №40 МДШОБ ЖБОМ КММ-ін 16 түлек бітіреді.Барлық оқушы  ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Оқушылармен пән мұғалімдері жыл бойы тест тапсыруға дайындық жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында тақырыптар бойынша құрастырылған жинақтар, түрлі нұсқадағы тест тапсырмалар қолданылды.
Оқушылардан айына бір рет сынама тест алынды, жекелеген әр пән бойынша оқушылардың әрқайсымен жеке-жеке талқылау жұмыстары жүргізілді. Жіберілген қателер дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріліп, оқушыларға дұрыс бағдар берілді.
Осы уақытқа дейін жалпы 7 сынама тест алынып, 2 тестті оқушылар Есік қаласына барып тапсырды. Жалпы ең жоғарғы балл 97,ал ортақ балл 72 балдық көрсеткіш көрсетті.
Шығармашылықты таңдаған оқушылар саны-4 оқушы.
Химия-биология таңдаған оқушылар саны-5 оқушы.
Дүние жүзі тарихы мен география таңдаған оқушылар саны-4 оқушы..
Биология-география пәнін таңдаған оқушылар саны-3 оқушы.

Бірінші сынақ тестілеу 27.10 күні алынды.16 оқушы түгел қатысты.Оқушылар арнайы Юстади сайтына тіркеліп тестті компьютермен тапсырды.Ең жоғарғы балл 57-ні құрады.Орташа балл 46.Оқушылармен қатемен жұмыс жасалынды.Тест тапсырмалары талқыланды.
         Екінші сынақ тестілеу 18.11 күні алынды. 16 оқушы түгел қатысты.Оқушылар бұл жолы да Юстади базасынан компьютермен тапсырды.Ең жоғарғы балл 79. Орташа балл – 65. Қатемен жұмыстар жасалынды.Пән мұғалімдері әрбір оқушының дара қасиеттерін зерттеп, олардың нақты мүмкіндіктерін, қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып дайындық жұмыстарын жүргізді. 
         Үшінші сынақ тестілеу 09.12 күні өткізілді.14 оқушы сынақ тестілеуді тапсырды,2 оқушы денсаулығына байланысты тапсыра алмады.Ең жоғарғы балл 69.Орташа балл 51.Бұл жолы оқушылар сынақ тестілеуді арнайы тест кітапшалармен тапсырды. Қатемен жұмыстар жүргізілді.Қосымша сабақтар күшейтілді. 
         Төртінші сынақ тестілеу 20.12 күні алынды.15 оқушы тест тапсырды.Жұмахан Ш. денсаулығына байланысты сынақ тестілеуге қатыса алмады.Тест арнайы ҰБТ кітапшасымен алынды.Ең жоғарғы көрсеткіш 70.Орташа балл 58. Қатемен жұмыс жасалынды.ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтілді.Әр пән мұғалімі тест кітапшасымен дайындық жұмыстарын жүргізді.
         Бесінші сынақ тестілеу 1.02 күні Есік қаласында өткізілді.16 оқушы толығымен сынақ тестілеуге қатысты. Ең жоғарғы балл 97. Орташа балл 70 құрады. Қатемен жұмыстар жасалынды. 
        Алтыншы сынақ тестілеу 14.02 күні мектепте өткізілді.15 оқушы тест тапсырды,бір оқушы денсаулығына байланысты тестке қатыса алмады.Ең жоғарғы балл 82.Орташа балл 71. Оқушылар бір-бірімен тест кітапшасын алмастырып дайындық жұмыстарын жүргізді.Қатемен жұмыс жасалынды.
        Жетінші сынақ тестілеу 20.03 күні Есік қаласында өткізілді. 13 оқушы сынақ тестілеуге қатысты.3 оқушы денсаулығына байланысты қатыса алмады.Ең жоғарғы көрсеткіш 84.Орташа балл 57 құрады. Қатемен жұмыстар жасалынды.Қосымша сабақтар күшейтілді.
        Оқушылар оқудың ақысыз бөліміне түсу үшін мамыр-маусым тесттеріне 
  тіркелді.Бірінші тесті маусымның 9-ы,екінші тестті маусымның 26-сы күні тапсыратын болады.




ҰБТ – ға бітіруші сыныптардан 16 оқушы онлайн режимде тіркеліп, Есік қаласындағы 1 тестілеуге 9 маусымда барып, төмендегідей көрсеткіштер көрсетті. 
№40МДШОБЖББОМ КММ  11 «А»  сыныбының тест қорытындысы   09.06.2023ж


Аты-жөні
Оқу сауаттылығы

Матем сауаттылық
Қазақстан
тарихы
Таңдау пәндері
Таңдау пәндері
Таңдау пәндері
Жалпы балл






Д.
тар
География
Хим
Биол
биология
география


1
Асқарғали А
13
4
12
26
25




80

2
Әбденса Іңкәр
13
4
7


18
23


65

3
Бақытжан Рауса
12

8






20

4
Берік Айгерим
11
3
7


10
15


46

5
Ерқанатқызы
12
7
13


12
23


67

6
Жабұқбай Н
8

6






14

7
Жұмахан Ш
14
7
14
18
18




71

8
Ибраимов Д
8

8






16

9
Идрисов Али
13
3
5


17
12


50

10
Надирбаева А
12
5
14
30
26




87

11
Сапарғали У
12
12
10


13
19


66

12
Сакетай Н
14
6
11
25
23




79

13
Сейсембай А
10
5
7




17
16
55

14
Үркімбай Ә
12
8
10




18
22
70

15
Темірханова 
10
7
8




15
19
59

16
Тоқтасын Е
13

14






27


Оқу сауаттылығынан-12/15                                            Қатысқаны: 16 оқушы орташа балл-66%
география 21/45                                                                  Шығармашылық: 35 сұрақ 35 балл
математикалық сауаттылық 6/15                                  Общий 120 сұрақтан 140 балл
химия 14/45                                                                         Тест кітапшаларымен жұмыс жүргізілетін болады.Қатемен жұмыс жасалынады.
қазақстан тарихы 11/20  биология 17/45                 
 Әдістемелік жұмыстың мәртебесін және нәтижелерін талдау
              Педагогикалық кадрлардың құрамы
   2022-2023 оқу жылын 90 мұғаліммен аяқтадық. Екінші санатты- 1;  педагог санаты- 45 мұғалім. Зерттеуші-13;  Сарапшы- 10; Модератор- 21.  Жас маман-19; Білімі жоғары-83, Арнаулы орта-7.  
Мектептегі әкімшілік жұмысының негізгі бағыты кадрлық құрамын нығайту қызметі болып табылады. Мектеп ұжымы 2022-2023 оқу жылында оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары бойынша  ҚР Білім Министрлігі  «Білім туралы» Заңы мен ҚР-ның жалпы орта білім берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары негізінде жұмыс атқарды.
    Мектеп Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу стандарттарына сәйкес 1-11 сыныптар қазақ  және орыс тілінде  оқып, жалпы білім беретін оқу орнының типтік оқу  2 ауысымда оқыды.
    Мектепте  педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырыс, әдістемелік  кеңесте  мектептің жылдық және даму жоспары, әдістемелік бірлестіктердің қызметі, таңдау, қолданбалы курстар жоспарлары, үйірме сағаттарын бекіту, мұғалімдердің шығармашылық есептері, санитарлық – гигиеналық жағдай, оқушыларды емтиханға жіберу, сыныптан – сыныпқа көшіру, негізгі және орта мектепті бітіру туралы куәлік, аттестат беру, марапаттау секілді маңызды шешімдер және ұсыныстар қабылданды. 
    2022-2023 оқу жылында 7 педагогикалық кеңес, 9  директор жанындағы мәжіліс, 5 әдістемелік кеңес  жоспар бойынша өткізілді. 
    2022-2023 оқу  жылында  мектепте әдістемелік кеңестің басшылығымен +4 әдістемелік бірлестік жұмыс істеді.
Әр пән бірлестіктері өз кезегінде жоспар бойынша өткізілетін онкүндіктерінің жоспарына байланысты кесте құрылып, жыл басында бекітіп, сол кесте бойынша  5- әдістемелік бірлестік пәндер   бойынша  онкүндіктер өткізді. Онкүндіктер барысында  бірлестік мұғалімдері пәндер бойынша ашық сабақтар мен сабақтан іс-шаралар «Болашаққа бағдар;  рухани жаңғыру» тақырыптарына арналды және тәрбиелік мәні бар ұлттық ұғым негізінде өткізді. Мұғалімдер сабақтарында электронды оқулықтар мен интербелсенді тақтаны, көрнекі құралдарды тиімді пайдаланды.
    Ақпан айында «Бастауыш» әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің онкүндігі өтті. Тақырыбы: «Жаңаша оқыту – жетістік көзі».  Мақсаты: оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту. 
           «Жаратылыстану-математика» әдістемелік  бірлестігінің 10.10-22.10 2022-2023 оқу жылы аралығындағы онкүндіктің мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде жаратылыстану – математика ғылымдары пәндерінің  онкүндігі өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің  мақсаты -сабақтарда, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, жаратылыстану-математика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
      Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалдық сайыстар мен сыныптан тыс іс-   шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика,химия пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, яғни жастарымызды білімді етіп тәрбиелеу ол біздің басты міндетіміз.Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. 
14-25 қараша аралығында  «Тілдер» бірлестігінің  «Балашақтан болашаққа, бала тілден ана тілге» атты тілдер апталығы өткізілді. Аталмыш апталық аясында берілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандарының апталығында іс-шаралар   талапқа сай құрылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілді.
2023 жылдың  10-20  қаңтар аралығында  «Өнер қырандары» әдістемелік бірлестігінің   ұйымдастыруымен  дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек,  алғашқы әскери дайындық, сурет  пәндері бойынша  апталық өткізілді. Апталықтың әр күні  ашық сабақтар, бұқаралық спорттық шаралар , ән , би , сурет, қолөнер, АӘД  пәндерінен  іс- шаралар атқарылды.   Апталықтың ашылу  салтанатын  мектебіміздің  жас спортсмендерінің өнерімен  паш еттік. Сонымен қатар  « Білекті бірді жығар» атты қол күрестен, «Кім жылдам» сурет салудан,  «Ағаш бұйымдары»  көрме қойылып апталықтың  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары қатысып, бақтарын сайыста сынай түсті. Әр мұғалім өзіне бекітілген  ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп,  өзге  де әріптестерінің  сабақтарына қатысып отырды. 
Апталықтың әр күні  жоспарыл түрде ұйымдастырылып, кезек технология пәнінің ұстазы  жас  маман болса да, өзінің ой- өрісін сабағымен  байланыстыра білген Ерланов Б. Е «Жас инженер» көрмесін оқушылар тамашалады. 
АӘД пәнінің ұстазы Құдайбергенов С.Ә  оқушылармен «Жас сарбаз» атты әскери ойын ұйымдастырды. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Музыка пәнінің ұстазы Кәдірхан Мамырбек « Мен елімді сүйемін» атты патриоттық ән байқауын өткізді. Мектебімізден оннан аса бала қатысып, бақтарын сынады. 
Оқушылар жанды дауыста танымал әншілердің әнің сомдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 
Технология пәнінің ұстазы Ерланов Бақытжан «Жаңа Қазақстан» атты сурет байықауын ұйымдастырса, «Менің мектебім» атты видео ролик байқауын дене шынықтыру пәнінің ұстазы Маукымбаев Жандос сабақтан тыс жұмыс ретінде ұйымдастыра білді. Оқушылар кубок медальдармен марапатталды. 
             
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- оқушыны білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі бастауыш оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру сол арқылы таным әрекетін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. 
   Бастауыш мектептің әдістемелік тақырыбы: «Сабақ процесінде жаңа технологияларды қолданудың жолдарыннақтылап, тиімді пайдалана білу, бәсекелестік білім беруде мұғалімдердің біліктілігі мен шығармашылық деңгейін көтеру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын құзіреттілігін арттыру жолдары».
  Бастауыш сынып пән бірлестігінде 22 мұғалім ұстаздық қызмет атқарады. Оның жоғары білімдісі – 15. 
   Бастауыш сыныптарда 20 сынып комплектісі, 2 мектепалды даярлық сынып білім алуда.
    Әр сынып жетекшілері бұйрыққа сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы білім беру академиясының оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2022-2023 оқу жылына күнтізбелік жоспар жасады. Оқушылар барлық сыныптарда оқулықпен қамтамасыз етілді. 1 қыркүйек Білім күніне байланысты барлық сынып жетекшілер «Білімге ұмтылу, еңбекқорлық  және отаншылдық қасиет» тақырыбында алғашқы сабақтарын өткізді.
       Отбасы күніне арналған 4 «Ә» сыныбында «Мен және менің Отбасым» атты тақырыпта 4 «А»Сыныбында «Ұсаз-ұлы есім» тақырыптарында тәрбие сабақтары өткізілді. 
          Тілдер мерекесіне байланысты бастауыш сынып арасында «Қасиетті ана тілім» тақырыбында әр сыныпта сынып сағаттары өтті. 1-4 сыныптар «Алтын күз» мерекесі де ойдағыдай өтті. 25-қазан Республика күнін, 16-желтоқсан             «Желтоқсан жаңғырығы» атты жалпы сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 1-сыныптар «Әліппемен қоштасу» сынып сағаттарын жоғары деңгейде өтті.Оқушылардың оқу жылдамдығы оқу басынан сынып жетекшілер тарапынан әр сабақ сайын, бірлестік жетекшісі мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тоқсан соңында тексеріп отырды. Жалпы бастауыш бірлестігінде жоспарланған іс-шара, жұмыстар толығымен жүзеге асырылуда.
Бастауыш сынып ұстаздарының 2022-2023оқу жылындағы  жектістіктері.«Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауына қатысып алғыс хатпен бастауыш сынып мұғалімі Серикбаева Л. марапатталды. Облыстық грамотамен бастауыш сынып мұғалімі Батырбаева Л. марапатталды. Оқушыларды «Самұрық» және «КИО.Кз.» математикалық олимпиадалар қатыстырып дипломдармен бастауыш мұғалімдері Куанышпаева Г. Серикбаева Л. Назарбекова Ж.Батырбаева Л.Айдымбаева А. алғыс хатпен марапатталды. Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай болса , мектеп сондай  болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім қажет екенін Ы.Алтынсарин атамыз да атап өткендей жинақталған білімдер жүйесі адамның практикалық әрекетіне сыналып, өмірді жаңаша құруға ықпал етеді. Сондықтан адам білімді айрықша құрметтеген. Мұны ұлтымыздың ғасырлар бойы мағынасын жоймай келе жатқан «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл-тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен»,  «Білімнен асар байлық жоқ» деген тағылымдық сөздері дәлелдейді. 
«Тілдер» әдістемелік бірлестігінде  14.11-25.11.2022ж «Балашақтан болашаққа, бала тілден ана тілге»
«Өнер»  әдістемелік бірлестігінде  10.01-20.01.2023ж «Денсаулықты бағалайық!»
«Бастауыш»  әдістемелік бірлестігінде  24.01-28.01.2022ж «Ұлтымыздың ұстазы—Ахмет Байтұсынов»
 «Жаратылыстану»  әдістемелік бірлестігінде 10.10-22.10.2022ж «Қазақстанның болашағы:балалар мен терең білім»
«Жас мамандар» апталығы 12.04-18.04.2022ж аралығында  «Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыпта апталықтар  өткізді.
Шығармашылық зерттеу топ мүшелерінің жоспар бойынша сабақтарға қатысуы, талдауы. «Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?» атты семинарды Ахметова Гулзира Романовна жүргізді. Мектеп жоспары бойынша ақпанның он сегізі күні, мектеп мұғалімдеріне арналған «Мектепте Lesson Study-ді қалай өткізуге болады?» атты семинар өткізілді. 
Семинарда мұғалімдергетақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтар қойылды:
           Lesson   Study  дегеніміз не?
Оны не үшін пайдалануға болады?
Неліктен біз оқу амалдарын зерттеуіміз керек? 
Біз бұны қалай жасаймыз? Ол үшін не істеуіміз керек?
Қандай мақсатта өткізуге болады? Өткізу ережесі қандай?
 Үдерістің кезеңдері қандай?
Сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек?
Сабақты бақылау қалай жүзеге асады?
Сабақтан кейінгі талдау қалай жүзеге асырылады?
Біздің мектепке лс үдерісін қолдану қажет пе? 
Осы сұрақтарға жауапты семинар барысында алды. Сыныптағы және ұжымдық  іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан- жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл «Lesson study»  туралы білуге, тәжірибе алмасу бағытында жұмыс жүргізілді.
   Сонымен қатар 2022-2023 жылы Аудандық «Педагогикалық дебют -2023» байқауына Серикбаева Лиза Жалгасбаевна қатысып Мақтау қағазын иеленді. 2022 жылы Талғар ауданы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық «Үздік география пәнінің мұғалімі-2022»  байқауына қатысып, Бекетова Баян ІІІ орын иеленді. 
    Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру    
     2022-2023 оқу жылында мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу  мақсатында мұғалімдер өзара сабаққа қатысып отырды. 90 мұғалімнің  18 мұғалімі „Өрлеу“ біліктілік курсынан өтті. Мектепте ғаламтор жүйесі арқылы білімін кеңейтуге жағдай жасалған.  Компьютерлік сауаттылықты жетілдіру және ғаламтор  желісін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жөнінде мұғалімдерге арналған мектепішілік кеңес беру жүйесі ұйымдастырылды. Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында   жаңа инновациялық технологиялар, АКТ-ды сабақтарда пайдалану, оқушыларды ғылыми ізденіс жұмыстарына баулу, ҰБТ,ОЖСБ-ға дайындау жолдары, үлгерімі  төмен, дарынды оқушылар т.б. туралы түрлі тақырыптарда семинарлар, коучингтер  дөңгелек үстел өткізілді.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау.
  2022-2023 оқу жылының басында аттестаттаудан өтуге 21 мұғалім өтініш білдіріп, тізімге алынды. №533 бұйрықтың 123,124 тармақтары негізінде  жұмыс өтілі 30 жылдан асқан М.К.Уразова  атесттаттаудың тек бірінші кезеңі бойынша өткізілді. 7 мұғалім тестілеуден өтіп, 3 мұғалім тестілеуден өтуге кезекте тұр. 
Дарынды балалармен жұмыс. Пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру.
   Мектепішілік пән олимпиадасына 30-оқушы қатысты. Ауданға 10- оқушы қатысты. Сол сияқты «Кенгру», «Тілмаш» олимпиадасына қатысып жүлделі орын алды. Республикалық «Айқанат», «Мың бала» олимпиадаларына 5,7,8 сынып оқушылары қатысты.
    2022ж.15 ақпанда «Халықаралық Экология, Иженерия және Педагогика Ғылымдарының Академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  Алматы қаласында өткен «Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері» атты ХХХХХІ Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға мектебімізден 9,11 сынып оқушылары қатысты. 
    Республикалық «Мың бала» олимпиадасына 3-4, 5-6 сынып оқушылары қатысып, облыстық кезеңде 5-сынып оқушысы Б.Тәңірберген ІІІ орын иеленді. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс  
       2022-2023 оқу жылында мектебімізде үлгерімі төмен оқушыларға арнап жылдық жоспар құрылып, бекітілді. Мектебіміздегі 4 әдістемелік бірлестік жетекшілері мен әр бірлестік мұғалімдері өздерінің пәндері бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арнап жылдық жоспар түзіп, сол бойынша жұмыс жүргізуде. Қырқүйек айында әр бірлестік мұғалімдері өздері сабақ беретін сыныптардағы пәндері бойынша үлгерімі төмен оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін мектеп психологтарымен бірге  анықтап, бұл оқушылармен жекелеген пәндер  бойынша мұғалімдер қосымша сабақ кестесін түзіп, сол кестеге орай сабақтар өткізіп, жеке жұмыстар жүргізді.  Ал 9,11-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері оқушыларды ОЖСБ, ҰБТ-ға дайындау барысында үлгерімі төмен оқушыларға ерекше назар аударып, олармен  қосымша жұмыстар жүргізілді.