«Бастауыш білім берудің сапасын арттырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында облыстық семинар » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш білім берудің сапасын арттырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында облыстық семинар
21
апрель
2023

«Бастауыш білім берудің сапасын арттырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында облыстық семинар

Сәуір айының 21 күні «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім берудің сапасын арттырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Мақсаты: педагогтердің функционалдық сауаттылығын арттырудағы іс-тәжірибелерін тарату мен облыс көлемінде насихаттауға жағдай жасау. Өзара тәжірибе бөлісу. Бағдарлама бойынша семинардың ашылуы мәжіліс залында өткізіліп, бастауыш сынып мұғалімдері: А.Е.Жубанканова, А.Е.Айдымбаева, Д.Т.Нургазыева, А.Б.Мырзалимова, Ш.Д.Есиркеева, Ж.С.Назарбекованың ашық сабақтарымен жалғасты. Тәжірибелік алаң кезінде  биология –география пәні мұғалімі Г.Р.Ахметова «Критериалды бағалаудың жолдары» тақырыбында коучинг, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.К.Уразова «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» тақырыбында шебер сынып өткізді.   Семинар соңында ауданның түпкір-түпкірінен келген бастауыш сынып мұғалімдері мен облыстық оқыту әдістеме орталығының маманы А.Н.Мухатова да семинар өткізуші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне өз пікірлерін білдіріп өтті. Жалпы, өткізілген сабақ та, шебер сынып пен коучинг те өте жоғары дәрежеде өткізілгендігі жайлы пікір әрқайсысының да жүректеріне жылу ұялатып қойды. Еңбектеріңіз жана берсін, ардақты ұстаздар!