2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары. » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары.
13
июль
2023

2022-2023 оқу жылында өзін-өзі бағалау құжаттары.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Алматы облысы Талғар ауданы Кіші Байсерке ауылы
Мектеп жасына дейінгі орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі










2022-2023 оқу жылына арналған
тәрбие жұмысының қысқаша жылдық  талдауы





Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм   және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағықатыгездік пен зорлық- зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.  
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және
дәстүрлерімен келісілген  рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін
және  көзқарастарын қалыптастыру. 
Үшінші  бағыт –  Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ
халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.  
Төртінші  бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін
және жауапкершіліктерін арттыру. 
Бесінші  бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық
ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. 
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және
дарындылығын, сондай- ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру. 
Жетінші  бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның  өнердегі
және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. 
Сегізінші бағыт - Дене  тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын,
денсаулыққа  зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай     қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бекітілген 2022-2023оқу жылының Талғар ауданы Білім бөлімінің бекітілген жылдық жоспарына сүйнене отырып, сынып жетекшілеріне жылдық тәрбие жұмысының жоспары жасалып бекітіледі. 
 Тәрбие  жұмысының  8- бағыты бойынша және айлық  жоспар жасалып, іс-шаралар өтіліп, анықтамалар жасалынып, әлеуметтік желіде жарияланып отырды.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша 2022-2023 оқу жылы білім бөлімінің бұйрығын негізге ала отырып, 8 бағыт бойынша жұмыс жоспары жасалынып, төмендегідей жұмыс жүргізілді.
1-қыркүйек білім күніне орай  2-11 сыныптар арасында  «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты сынып сағаттары өткізілді. 1 қыркүйек күні тек қана білім күні ғана емес, сонымен бірге биылғы жылы айтулы бірқатар іс шаралармен де байланысты. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы,Роза Бағланованың 100 жылдығы,Қазыбек бидің 355 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы,  Қазақстан Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, М.Маметованың 100 жылдығы, Ә.Нуршайықовтың 100 жылдығы, Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне 30 жыл,  С.Бейбарыстың 800 жылдығымен сәйкес келіпті.
Қазақстан Республикасының  Тілдер мерекесі күні қарсағында 06-15 -қыркүйек  аралығында онкүндік  іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Тілдер  күні мерекесіне орай "Тілдер" бірлест жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тілдер апталығы өткізілді.Апталықта  ұлағатты ұстазымыз  Уразова Манчук Қожабаевна әженің ролін сомдау арқылы немерелеріне ақынның өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мағлұмат берді. Немерелері қазақ тілі және орыс тілі пәнінің мұғалімдері Жаксыбаев Сағыныш  Курманова Балжан мен Сарыбаева Бақыт ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп, өз рөлдерін ерекше сондап берді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай челлендж жолдады. Орыс тілінің пән мұғалімдері «Бастауыш» бірлестігіне, қазақ тілі пән мұғалімдері «Өнер» бірлестігіне, ағылшын пән мұғалімдері «Жаратылыстану -математика» бірлестігіне жолдап әлеуметтік желіге жүктелінді. 
   Апталығымыздың жабылу салтанаты барысында, мектеп оқушылар көркемсөз, «Иттің достығы» «Анаға хат» атты тақырыпта көрініс көрсетті.  Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Уразова Манчук Қожабаевна сөз алып, апталыққа ат салысқан ұстаздар мен оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.
    12-19 аралығында жолда жүру ережесін оқушыларға түсіндіру мақсатында «Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында суреттер салды. «Тиым салынатын белгілер» «Айналайын, абай бол» жолда жүру ережесіне байланысты бейнефильмдер көрсетілді, «Жол таңбалары» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, шығармалар жазылды.
14-17 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған онкүндік  жоспары құрылып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтынышы» атты тақырыпта онлайн түрде түрлі іс-шаралар мен сынып сағаттарын өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Кадирхан М. «Қыран елім- Қазақстаным» атты әдеби-танымдық  кеш өткізді.
2022-2023 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық, айлық, апталық іс – шара жоспары құрылды. Жоспар бойынша түрлі жұмыстар жүргізілді.
5-11 сыныптар арасында әлеуметтік желідегі «Собачий кайф» ойын –сауықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы ЖҚТБ.ИП.УП– құқық қорғау инспекторы Алимбекова Жазира Едилқызы  бірлесе  тәрбие ісінің меңгерушісі Райымбекова З. Мектеп психологі Сейдімханова Б.Қ.  бірлескен  жұмыс жүргізілді. «Түнгі  рейд» жүргізу бойынша кесте құрастырылып, жұмыс жүргізілді.  Рейд барысында мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, оқушыларға жалпы тәртіппен таныстырып, кешкі уақытта жүрмеу, және қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 
Қаңтар  айында директордыің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық құқықбұзушылыққа апарар жол туралы соның ішінде «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында баяндамасын оқыды. Құқық бұзушылықты алдын алу  жұмысы, аудандық білім бөлімінің маманы Ләзат Сериковна құқық қорғау органдарының  инспекторы «Қадамыңды ойлап бас»  жиналыс өткізді.
20 сәуір күні кәмелетке толмағандар арасындағы тұрмыстық  зорлық- зомбылыққа қарсы тұру, құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, мақсатында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта8-11сынып оқушыларымен мектеп инспекторы  Алимбекова Ж.Е. Мектеп психолігі– Қуаныш Аяулым Нұрзатқызы оқушыларға зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау, анықтау және шешу, кикілжіңдік жағдай тудырмау мақсатында  оқушыларға психологиялық  көмек көрсету. Әлеуметтік педагог  Әбдіқайымова Г.Қ. зорлық-зомбылықты тудыруға отбасындағы әлеуметтік жағдай да әсері туралы айтылды. 
Тәуелсіздік күнінің 31 жыл толған мерейлі  мерекесі  қарсаңында  Республикалық  бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 1- 4 сынып оқушыларын  «Жас Қыран»  ұйымына, 5 сынып оқушыларын  «Жас Ұлан»  ұйымына  қабылдау салтанатты жиыны  өткізілді.Мектебіміз бойынша «Жас Қыран»ұйымына 285 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына  81 оқушы қабылданды. Балалар салтанатты түрде ант қабылдап, төс белгілерін тақты.
   16желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекеге жоспар жасалынып, сынып сағаттары және «Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты іс –шара өткізілді. Сахналық қойылымдар қойылып, өлеңдер оқылып, патриоттық әндермен кеш соңы аяқталды.Жылдық жоспар құрастрылып, мектепішілік ұлдар және қыздар  жиналысы өтті. Күн тәртібін негізге ала отырып, ұл-қыздарды  оқушы ережесімен таныстырып, құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы баяндамалар оқылды. Жиналыста  ұлдар және қыздар тәртібі, сабаққа қатысы, қазақ отбасындағы  бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада  бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.Сынып жетекшілері  ұлдар мен қыздардың  тәртібін, жүріс – тұрысын, мінез – құлықтарының қалыптасуына ықпал етіп отыру,  жеке бас гигиенасының тазалығы жөнінде мектеп мейірбикесінен ақыл-кеңес алу жұмыстары жүргізілді.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша  
Педагог-ұйымдастырушы А.Н.Қаратастың ұйымдастыруымен  «Күз ханзадасы мен  ханшайымы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Барлық сыныптар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 5-7 сыныптар аралығында бас жүлдені 6в сыныбы, сынып жетекшісі Б.А.Кунесбековна жеңді. «Күз ханзадасы мен  ханшайымы» атты мерекелік іс-шара жалғасын тауып 8-10сыныптар аралығында өтті, бас жүлде 8в сыныбы, сынып жетекшісі Б.И.Хасановнаның сыныбы жеңді. Мектеп оқушылары кеш соңы би кешімен жалғастырып жақсы көңіл күймен қайтты.Ұстаздар мен оқушылар  арасында екі жұлдыз байқауы өткізілді1-сыныптар арасында әліппе бітіру кеші«Қош келдің жаңа жыл» атты мерекелік шара өткізілді.Ақпан айының 24 жұлдызында " Оқуға құштар- мектеп"  Уразова Манчук Кожабаевнаның ұйымдастыруымен ұлы тұлға- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыздың 111 жылдығына орай 111 бестік атты марафоны өтті. 8-11 сыныптар арасында Мектеп аруы -2023  байқауы «Қыз еркем -қылғымен көркем» атты  тақырыпта өткізіліп 9ә сынып бас жүлде, 8а сынып 1 орын, 8ә сынып 2 орын 8в сынып 3 орынға иеленді.Ұстаздар күніне орай, ауданданнан келген құрметті қонағымыз спикер Қулынбетова Лейла Бейсеналиевна  «Рухани байлық -жан азығы» атты сұхбат өтті. Төл  мерекеде  концерт ұйымдастырылып, барлық ұстаздар жақсы көңіл күймен тарқасты. Нурмаш Маржанның 5в сыныбында  оқушылардың  ұстаздар күніне орай өткізді.  
8 наурыз аналар мерекесіне орай «Әлем бесігін тербебетін жан-АНА» атты іс-шара, 1-4 сыныптар арасында  «Ана-өмір шуағы», «Анама арнаймын» атты сынып, 8 –10 сыныптарда  халқымыздың батыр қыздары туралы деректер» атты терениг сынып сағаты  өткізілді.
 2022-2023 оқу жылында мектепішілік ұйымдастырылған  1-11 сыныптар арасында «Мерекелі, берекелі- Алтын күз» атты жәрменке өткізіліді.  Іс-шара барысында ұйымшылдығымен белсенділік танытқан сыныптаржәне үздік  безендіруге ат салысқан төмендегідей сыныптар марапатталды.  Жәрменке өте жоғары деңгейде  өтті. Бас жүлде 2 «Г» сынып, І орын 2 «В»сынып, ІІ орын 9 «Б»сынып, ІІІ орын 3 «Ә» сыныптар марапатталды. Үздік безендіруге қатысқан  1 « Б» сынып бас жүлде, 5 «В» сынып І орын , 3 «В» сынып ІІ орын,  10 «А» сынып ІІІ орынмен марапатталды. Оқушылар арасында өзінің қолдан жасаған шығармашылығымен көзге түскен  8 «Ә» сынып оқушысы Тұрсынхан Ақшың, 6 «Ә» сынып оқушылары Сембай Айерке мен Сембай Жанерке және 1 «Ә» сынып оқушысы Баққожа Азима  марапатталды.«Қайрымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген жақсы сөз бар. Әкелген тағамдардың тәттілігі соншалық 1 сағат ішінде барлық өнім сатылып кетті.  Жәрмеңкеден ақшалай 668778 теңге қаражат жиналды. Орын алған сыныптарға осы ақша ішінен ынталандыру мақсатында 165000 теңгеге  сыйлықтар алынып, марапаттау кезінде сыйлықтар берілді. Ата-аналар  тарапынан көрсетілген бұл көмекке мектеп әкімшілігі ризашылықтарын білдіріп, түскен қаражатқа оқушыларға салынған  шағын ойын алаңын толықтыруға жұмсалатынын айтты.  Мектебімізде осындай мейірімді жомарт жандардың бары екені көз қуантады. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруға ұйытқы болған Ата-аналарға мектеп басшылығына, ұстаздар қауымына, оқушыларға  айтар алғыс айтылды.Рухани адамгершілік айлығын ұйымдастыру, жоспар жасап бекітіп жұмыс жүргізілді.
09.01. 2023.31.01.2023 басталды. 7-9 сыныптар «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»   ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды «Қамқорлық» «Забота»  акциясы «Жәрменке» жағдайы төмен отбасыларға қамқоршылық жасау мақсатында 10 оқушыға мектепұжымы атынана көмек көрсетілді. 
3. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша 1 қазан – Халықаралық қарттар күні    мектебімізде қарттар күніне орай «Қарты бар үй қазына» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл қартарына аранайы дастархан жайылып, мерекелік шағын концерт өткізілді.  Іс шараға Гулдала окуруг әкімінің орынбасары Меруерт Мухтарбековна арнайы шақырылып, ауыл қартарын мақтау қағазымен марапаттап, сыйлықтар үлестірді. Сонымен қатар сыныптарарасында үлкенге құрмет көрсету мақсатында 9а, 8в, 7г, 7в, 5а, 5в,  8ә, сыныптарда  қарт атаналар шақырылып ашық тәрбие сағатын өткізілді. Ең алғаш Мәншүк апайдан бастап еді. Қатарға біраз сыныптар  қосылды. Қарттар риза болып қайтты.Ерекше айтап айтқым келіп тұр, суретте көріп отырғандарыңыздай, 8а сынып жетекшісі Абдраманқұл Назерке Бақытжановна сынып оқушыларымен бірге  Қабидоллаева Жұпардың әжесінің үйіне  арнайы барып құттықтап, сыйлығын табыстады,  Қарт ана ерекше  қуанып өз ризашылығын білдіріп, батасын берді. 
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Елімізге тиым салынған ағымдар туралы» жоғары сынып оқушыларынмен дінтану пәнінің мұғалімі Бейбітова С. «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» атты тақырыпта 9-сыныптар арасында ашық тәрбие  сағатын өтті.
 Ақапан айында  Ұлттық  тәрбие бойынша Мұқағали Мақатаевтың туған жылына орай бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»аттытанымдық  әдеби кеш өткізілді .
09.02.2023 күні мектебімізде Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен Мұқағали оқуларынан сайыс өтті. Бұл кешті 4-сынып оқушылары сынып жетекшілерінің қолдауымен өздері жүргізіп шықты. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде балалар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнеріне келтіріп орындаса,  екінші кезеңде «Ақынды тану парызым...» айдарында ақын өмірінен сұрақтарға жауап берді. Байқауды қорытындылап, жүлделерді табыстау үшін арнайы әділқазылар алқасы тағайындалды. Байқау қатысушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп, образға еніп орындап шықты. Бастауыш сыныптан барлығы 31 бала қатысты.Сайыс өз мәресіне жетіп, әділқазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттап, болашақтарынан зор үміт күттіретін балалар екенін атап өтті.
Байқау нәтижесі бойынша 1 «А» сынып оқушысы Ахмед Амина,  «А» сынып оқушысы Амантай Айша, 3 «Ә» сынып оқушысы  Мұхтар Еркежан бас жүлдені жеңіп алса, 4" А " сыныбынан 1 орын Тұрсынхан Ақжан, 3 орын Рыскелді Талшын, 3 «Г» сыныбынан Омар Айбек 1орынды, Келсімхан Айару 2орынды иеленді.Бас жүлде алған оқушылар аудандық Мұқағали оқуларына жолдама алды. М.Мақатаев өлеңдерінен челендж ұйымдастырылып, әлеумекттік желіге жүктелінді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Капасова Г.Б.Бала Абайды білмей, дана Абайды тану мүмкін емес» атты әдеби -танымдық сынып сағатын өткізді.Көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз   Алғыс айту  күніне  орай мектебімізде   «Алғыс айту-парызым» атты сынып сағаттары Ризашылық күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Жоспар бойынша «Наурызым – құт берекем!»«Қош келдің, әз Наурыз!», «Наурыз  -  жыл    басы» атты  тақырыпта сынып сағаттары Байсерке ауылында және  Гүлдала ауылдық округінде наурыз  мерекесіне орай  Қош келдің- Әз Наурыз!атты үлкен іс-шара өткізіді.
 «1 мамыр –  Қазақстан   халқының  бірлігі   күні»  1-4 сыныптар арасында сынып сағаты, сурет байқауы өткізілдісалтанатты түрде өткізілді. 5-7 сыныптар арасында әр ұлттардың  мәдениетті мен өнерін  насихаттау барысында сайыс өткізілді. Өзін –өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен8-11 сыныптар арасында Қозы көрпеш- Баян Сұлу күніне орай мерекелік концерт өткізілді.1-10 сыныптар арасында7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және9 мамыр жеңіс күніне  орай сынып сағаттары өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды. «Бастауыш» бірлестігі ұйымдастырған «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік концерт өткізілді.
Террорлық тұрғыдан қауіп төнген жағдайда оқушылар мен мұғалімдер құрамының төтенше жағдайлар кезіндегі жүріп-тұру іс-әрекеттерін дағдыландыру мақсатында  іс-шара өткізілді. Террорлық тұрғыдан қауіп төнеген жағдайда оқушылар мен құрамының төтенше жағдайлар кезіндегі жүріп-тұру іс-әрекеттерін дағдыландыру жұмыстары қолға алу. Антитеррорлық жаттығуға мектеп ішіндегі барлық мұғалімдер, тех.қызметкерлер, оқушылар қатысты. Осыған орай мекеме қызметкерлерімен, оқушылармен және тәрбиеленушілермен ашық сабақтар, кинофильмдер көрсету, дөңгелек үстелдер  АӘД жетекшісі Құдайберген С.А. пен сынып жетекшілер өткізілді.
4. Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша 14-18 қыркүйек  аралығында   жоспарға сәйкес «Отбасы –бақыт мекені» «Менің отаным- менің отбасым» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты, 1-2 сыныпта «Менің отбасым» атты тақырыпта  сурет байқауы, 3-4 сыныпта «Мерейлі отбасы» видеоролик 6-7  сыныпта «Отбасым байлығым» атты  эссе жазу, 8-9 сыныптар арасында «Оқырман отбасы» бойынша кітап оқу сайысы өткізілді.
15 мамыр Халықаралық Отбасы күні аясында іс-шара жасалынып, бекітіліп, жұмыс жүргізіліді. 1-11 сыныптар арасында «Отбасың – шағын мемлекет», «Отбасым – менің бақытым»,  «Отбасы – бақыт мекені»,  «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тақырыбында сынып сағаттарыөткізіліп әлеуметтік желіге жарияланды.
7-сыныптар арасында  «Менің балалық шағым» атты эссе жазу жұмыстары жүргізілді. 1-4 сыныптар арасында  5-7 сыныптар арасында «Менің сүйікті отбасым» тақырыбында өлеңдер сайысы өткізілді. 5-7-cыныптар арасында мектеп психолігі  Ахан А.  «Мен және жанұям» тренинг ұйымдастырды. «Берекелі отбасы» ата- аналардың қатысуымен бейнеролик отбасы тәрбие сағаттары,«Оқырман отбасы» атты кітап оқу сайысына  8-9 сыныптар оқушылары және барлық ұстаздар ат салысты.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында әр жұма сайын «Мектепішілік сенбілік»жұмыстары жүргізіледі.2022-2023 оқу жылы экологиялық    тәрбие аясында іс-шара  жоспары  бойынша мектеп бітіруші түлектер мен бастауыш сыныптардың оқушылары сәуірдің 19 күні бәйшешектер күніне орай  «Бәйшешектер -көктемнің нәзік сәулесі» атты аудандық іс -шара өткізілді.Аудан көлемінде мектепте үлкен іс-шаралар өткізіліп, білім бөлімінің биологтардың басшысы Урбибі Абдукаримованың қатысып, Экоклуб жетекшісі Ахметова Г.Р. ұйымдастыруымен 4,9,10  сыныптар арсында экология апталығының салтанатты ашылуы «Жер – біздің ортақ үйіміз»атты  анимациялық ролик дайындап көрсетті. 4-5 сыныптар флеш-моб ұйымдастырып әлеуметтік желіге жариялады.Бастауыш сынып ұстаздары 1-2 сынып «Біздің үйдің жануарлары» - сурет байқауын өткізілді. Айдымбаева А.Е., Маримова Б.  3-4 сыныптар - «Мен табиғатты аялаймын» атты тақырыпта сынып сағатын өткізілді. 5- сынып  «Табиғат аясындағы Мен!» атты тақырыбындағы пікірталас өткізілді. 6- сыныптар «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер байқауын ұйымдастырды. 7 сыныптар – «Табиғатпен үйлесімді өмір сүр» атты тақырыпта эссе жазды.8- сыныптар - «Менің сүйікті табиғат бұрышым» тақырыбында суреттер мен фотосуреттер байқауын ұйымдастырды.9-11 сыныптар «Жарық сөнбесін!» телекөпірі «Болашақ энергетикасы»,атты сынып сағаты, «Жер ана тынысы» оқушыларға мақалала жазды.   Мектептің айналасын тазалауды ұйымдастырды.
Жас ұрпақтың назарын экологиялық мәселелердің өзекті сұрақтарына аударту, саналы іс-әрекеттерді насихаттау мақсатында  «Табиғатпен үйлесімді өмір сүр»  тақырыбында эссе жазып, 1,2,3- орындармен марапатталды. 1 орынды- 9 «Ә» сынып оқушысы Азимбекова Анель, 2 орынды- 9 «А» сынып  оқушысы Мұхаметқали Ақнұр, 3 орынды- 9 «Ә» сынып оқушысы Солтанбекқызы Қарақат пен 8«А» сынып  оқушысы  Мейірбек Іңкәр   иеленді.
   Оқушылардың демалыс кезінде өткізілетін іс-шара жоспарын жасап,  каникул кезінде балалардың демалысын,бос уақытын ұйымдастыру барысындажұмыс жүргізіліп, білім бөліміне анықтамалар өткізілді.2022-2023
 оқу жылы бойынша халықтың демалу орындарында төтенше жағдайлардың алдын алу және су айдарында және шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар оқушылар арасында су және су айдарындағы мінез-құлық ережелерін насихаттау, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаны қорғау , көктем мен жазда су объектілері мен су объектілерінде болатын судағы апаттарға ұшыраған адамдарға апаттардың алдын алу,балаларды көмек көрсету кезінде дұрыс әрекеттерге дайындау мақсатында өткізілді.
   1-4 сынып оқушыларымен « Еш қиындық болмас үшін,судың жанында абай болыңыз» тақырыбында әңгіме өткізілді. Жоғарғы сынып оқушыларыа «Суға түссең абайла,сақтық керек қалайда!», «Көл, өзен туралы не білеміз?» » атты викториналар,  «Су маңайында ойнаймыз – ережені ұмытпаймыз»  тақырыбында әңгімелер өткізілді.  Презентациялар арқылы  түсіндірме жұмыстар жүргізілді. «Жаз уақытында суда және су айдарында өзін-өзі ұстау мінез-құлықтары»  тақырыбында кеңес берілді.«Судағы апаттарға ұшыраған адамдарға алғашқы көмек көрсету» атты алғашқы әскери дайындық мұғалімі тренинг өткізді.Ата-аналар жиналысы өткізіліп, оқушылардың демалыс кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша сынып жетекшілері түсіндірме жұмысын жүргізді.
Салауатты өмір салты айлығы бойынша 2-сыныптар және 5- сыныптар  арасында, спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Өнер қырандары»  мектепішілік  «Күз -2023» атты эстафеталық  спортық ойын түрлерін  өткізілді.
1-4 сыныптар арасында  «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты  сынып сағаты өткізіліп, құстарға қоректендіргіш дайындық жұмыстарын жүргізіді.
6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша  әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, сондай- ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында 
2022-2023 оқу жылында  15 қыркүйектен 20 қазан аралығында «Мен өмірді таңдаймын» атты айлық өткізілді. «Жамандықтың алдын – алу» мақсатында айлық жоспары тәрбие ісінің орынбасарымен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Сынып жетекшілерге түсіндіру жұмыстары туралы дөңгелек үстел өткізілді. Жоспарланған іс – шаралар уақытылы жүргізілді. Жоспарға «Жамандықтың алдын – алу» мақсатында жас ерекшелігіне сай  сынып жетекшілер ай ішінде  тәрбие сағаттарын өткізді. Сенім жәшігі туралы да сыныптарға кіріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенім жәшігіне  балалар  зорлық- зомбылыққа ұшыраған жағдайда (ұрлық, ұрып – соғу ақша сұрау, киім –кешектерді тартып алу) деректері  бойынша жазбады. Ешқандай ұялы телефондарға да хабарламалар болмады. Мектеп психологтары Сейдімханова Б.Қ және Ахан А.М тәрбие ісі жөнінің орынбасары Райымбекова З. «Жамандықтың алдын алу» мақсатында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп инспекторы Ж.Е.Алимбекова мен бірлесіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаланов Ғ.К және мектеп психологтары 5 - 11 сыныптар арасында оқушылардың тәртібі, «Жамандықтың алдын – алу»  мен бопсалау туралы сауалнама жүргізіліп, қорытындысы туралы сынып жетекшілерге ақпарат берілді.
 «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  тақырыбында түрлі іс-шаралар,  сынып сағаты өткізілді. 
Мектебімізде  «Жеткіншектер мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен  семинар өтті. Тақырып бойынша дәріс оқылып, сынып жетекшілер ұсыныс, пікірлерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 10 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында 5-6 сынып білім алушыларымен «Адал еңбек өмірді жақсартудың басты құралы» тақырыбында, 11 ақпан күні 7-8 сынып білім алушылармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі» тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымы әңгіме сағаттар өткізді. Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлық туралы білім алушылар пікірлерін ортаға салып, өзара ой бөлісті.
Наурыз айында 1-4 сыныптар арасында  «Қоғамға жат, сыбайлас жемқорлық көріністері» «Жемқорлық жетер түбімізге», тақырыбында сурет байқауы болып өтті.
5 сәуір «Адалдық – тәртіп нормасы» тақырыбында 5-11сыныптарда «Жемқорлық індет –жою міндет», «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлық –қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі», «Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» т.б тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 
2022-2023 оқу  жылы «Түнгі  рейд» жүргізу бойынша кесте құрастырылып, жұмыс жүргізілді. Рейд барысында мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.Себепсіз сабақтан қалған оқушылардың үйіне барып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жоспарға сәйкес «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты іс-шаралар жоспарын құрастырылып, бекітілді. «Қатігездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» атты  9-11 сынып оқушылары арасында  әңгіме (эссе) байқауын ұйымдастырылды. Оқу жылының басында «Оқушылар арасындағы суицидтің алдын алу туралы» «Өзіне – өзі қол жұмсаудың (суицидтің)  алдын алу» мәселелері бойынша жұмысшы топ құрылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп  инспекторы  Алимбекова Ж.Е., және сынып жетекшілермен бірлесе отырып  мектеп психологтары  іс - шара жоспары жасалып,  1-11 сынып жетекшілеріне өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Өмір үшін өмір қымбат!», «Мен өмірді таңдаймын!», «Өмір және оның мәні» тақырыптарында дөңгелек үстел видеоролик көрсетілді.Мектеп психолгіоқушыларға зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау, анықтау және шешу, кикілжіңдік жағдай тудырмау мақсатында  оқушыларға психологиялық  қолдау көрсету туралы түсіндіру жұмыстарына тоқталды.  Зорлық-зомбылықты тудыруға отбасындағы әлеуметтік жағдай да әсер етуі бойынша  Әбдіқайымова Г.Қ. сөз алып Түсіндіріп өтті.
Мектеп инспекторы ЖҚТБ.ИП.УП– құқық қорғау инспекторы Алимбекова Жазира Едилқызы  бірлесе  тәрбие ісінің меңгерушісі Райымбекова З. Мектеп психологі Сейдімханова Б.Қ.  5-11 сыныптар арасында әлеуметтік желідегі «Собачий кайф» ойын –сауықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша жеке тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру мақсатында 2022-2023 оқу жылы Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді. Оқушылар арасында Қазақстанның түрлі этностары Республика күніне арналған  патриоттық челлендж (видео)3-4 сыныптар өткізді.Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі  Қудайберген С.А. 5-6 кадет сыныптары мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру  жиынын өткізді. 
2-11 сыныптар арасында  Республика күнінің маңызын ұғындыру, оқушылардың  бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру,үйрету мақсатында  Республика күніне «Қыран елім-Қазақстаным», «Атамекен»тақырыбында диктант жазды.9-10 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» жалпы республикалық эссе конкурсы өткізілді. 9-сыныптар арасында«Ежелгі Ботай қонысынан индустриялы Астанаға дейін заманауи бастаулары»ұлттық туризм форматындағы экскурсия саяхат сабағы өтті.Тіл мамандары  «Қыран елім Қазақстаным!» жалпы республикалық  мәнерлеп оқу конкурсы өткізді. 1-2 сыныптар арасында «Менің республикам» сурет көрмесі өткізді.Патриотизм дауысы»Гимнды жаппай орындалды. Мектеп кітапханашысы  «Республика күні-ұлттық мереке» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Кадирхан М. «Қазақстан- менің елім» атты әдеби-танымдық  кеш өткізді.Республика күніне орай мектебімізде «Жанашыр жүрек » атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Іс-шара әлеуметтік санатта тұратын  балалардың көңілін аулауға бағытталған. «Жанашыр жүрек» композициясына балалардың қалауы бойынша ойын-сауық орталықтарына апарып, қыдырту көзделеді. Осы санаттағы оқушылардың ішінен жетім, жартылай жетім, мүгедек оқушылар, азқамтылған отбасылар және көп балалылар ішінен 3 оқушыға  көмек көрсетілді.  5-10 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» атты Квн өткізілді. 12 -  сәуір  Ғарышкерлер күніне  1 -11 сынып оқушылары арасында «Ғарышкерлер әлеміне саяхат»  тақырыбында сынып сағаттары және 1-4 сыныптар сурет салып, түрлі іс-шаралар өткізілді.
 1-11 сыныптар арасында  7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай«Ұранды ердің –ұрпағы қайсар» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.АӘД пән мұғалімі5ә кадет сыныбында Қудайбергенов С.А."Мен Тәуелсіз елдің -ұланымын"атты әскерижаттығулары туралы сайыссыныптан тыс сайыс өткізді.
9 мамыр-Жеңіс күніне орай«"Ұлы ерлік -ұрпаққа үлгі"атты сынып сағаты» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп,әлеуметтік желіге жарияланды.1-4 сыныптар арасында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты сурет салу  байқаулары, 1-7 сыныптар арасында "Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді"атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында  17 –қазан айында денешынықтыру пәні мұғалімдері, тәрбиешілердің  ұйымдастырылуымен дене тәрбиесі, салауатты  өмір салты айлығында өткізілген іс-шараға 5-6 сыныптар аралығында оқушылармен қатар ата-аналарымыз да ат салысты. «Толағай» эстафеталық ойыны ұйымдастырылып өткізілді. 2022-2023 оқу жылы білім бөлімінің бұйрығын негізге ала отырып, 8 бағыт бойынша жұмыс жоспары жасалынып, төмендегідей жұмыс жүргізілу үстінде. 
2тоқсан қараша айының алғашқы күнінен бастап Дене тәрбиесі салауатты өмір салты айлығы 01.11-30.1112022ж басталды.   Мектебімізде 8,9,10,11 сыныптың оқушылар арасында  Әскери патриоттық сезімді жандандыру мақсатында сонымен қатар, Отан қорғау әрбір азаматтың борышы екендігін сезіндіру мақсатында 2022 жылғы 27 қазанда «Саптық жүріс» байқауы  өтті.  Байқауда«Үздік  командир» 1 орын –  10 «А» сынып командасы, 2 орын – 9 «Ә» сынып командасы, 3 орын – 8 «А» сынып командасы, «Үздік саптық тәсіл»   1 орын – 10 «А» сынып командасы, 2 орын – 9 «Ә» сынып командасы,3 орын – 8 «Ә» сынып командасы, «Үздік ән байқауы» 1 орын – 8 «В» сынып командасы, 2 орын – 9 «Ә» сынып командасы,   3 орын – 9 «А» сынып командасы орын алды.
      2022-2023 оқу жылы қараша айында жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілді. 1-4 сыныптар арасында «Толағай» атты спорттық шара өткізілді. 5-7 сынып арасында ұлттық ойындар өткізіліп, ауданнан асық ату жарысы бойынша  І орын алып, облысқа жолдама алды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен іс- шараға барлық сынып оқушылары қатысты. Бағдарламады жеңіл атлетика, футбол, волейбол, асық, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындармен толықты. Оқушылармен қатар сынып жетекшілері де додаға бірге қатысты. Денсаулық күні жалпы оқушыларға шаттық қуаныш сыйлап, жүлделі орын алған оқушылар марапатталып, үздік спортшы, белсеңді сынып, атты номинацияларға ие болды. Салауатты өмір салтын ұстануда аудандық мұғалімдер арасында волейболдан І орынға ие болды.  Сонымен қатар Талғар ауданының мектеп оқушылары арасындағы Спартакиадасы аясында «Үміт сөресі» жарысында 60 метр қашықтықта Қайратов Алихан Қайратов Валихан ІІ орын, Утешова Аяулым ІІІ орын иеленді. Іс –шараға 5-6 кадет сыныптарда түрлі жаттығулармен өз ерекшеліктерін таныта  білді. 2023 жылдың 27-31 cәуір  аралығында 1-11-сынып оқушылары арасында  мектеп медбикесі Умбетжанова А.  мен сынып жетекшілер бірлесе отырып «Қышыма жұқпалы тері ауыруының  алдын - алу» тақырыбында семинар және әр сынып жетекші өз сыныптарына түсіндіру мақсатында сынып сағаттарын өткізді.  Сынып жетекшілер презентация ұйымдастырып, бейнебаян көрсетті.
Желтоқсан айында және СПИД ғасыр дерті тақырыпта апталық болып өтті. Бұл апталықта мектеп мейірбикесі Умбетжанова А. ішімдіктің, темекімен нашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді.8-11сыныптар арасында биология пәні мұғалімдері Ахметова Г.Р. және Абдраманқұл Н.Б.  Қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтанау  салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Біз СПИД – ке қарсымыз»,«Ғасыр дерті болып табылатын ЖИТС», бейнеролик көрсетті.7 сәуір «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты  тақырыпта мектеп медбикесімен бірлесе  семинар өткізілді.
Мекпепішілік жоспарға сәйкес тоқсан аяқталуына байланысты   мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. Күн тәртібі бойынша өткен оқу жылына талдау жасалып, биылғы оқу жылының жоспарымен таныстырылып, қамқоршылық кеңесі құрылып, белсенді ата-аналарды мүшелікке сайланды. Ата-аналармен «Тәрбие басы-тал бесіктен» аттыата-аналармендөңгелекүстелөткізілді.
Ата -аналармен мынадай  бағыттарды қамтитын жоспар бойынша жұмыс жасалынды.
 • Ата-аналармен жеке жұмыс:
Ата-аналармен қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес беру. «Сұрақ-жауап»
 • Ата-аналарменбірлескеніс-шаралар:
 • салтанаттыата-аналықкездесулер;
 • Мектепкедейінгіата-аналаржиналысы;
 • Бастауышмектептегіата-аналар мен оқушылардыңбірлескенмерекелері;
 • мүдделітұлғалардыңата-аналаржиналысынашақыру.
Ата – аналар жиналысында да мектеп психологі отбасындағы теріс қарым – қатынастың да балалардың суицидтік әрекеттерге баруының бірден – бір жолы екендігін, үйдегі қиын жағдайлар балаларға психологиялық ахуал беретіндігін ескертіп, үйдегі тәрбиені күшейту,  алдын – алу шараларын түсіндірді.
31 мамыр 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты  кешкі сағат 22.00-ден сағат 24.00-ге дейін мектеп бітіруші түлектер дің және жалпы мектеп оқушыларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, компьютерлік клубтарда,көшелерді  тексеру бойынша рейд жұмыстары жүргізіліп,балалардың түнде жүруінің алдын алу жұмысы жүргізілді. Рейд барысында мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Кезекші ұстаздар ауылдағы  бірнеше түнгі ойын-сауық орындары мен дәмханаларды аралады.   Рейд топтарына мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Қапсаланов Ғ.К. мектеп  психологі Ахан А.М. бірлескен түрде ауыл көлеміндегі  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
2022-2023 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша оқушылардың жетістіктері Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали  Мақатаев шығармаларына арналған "Жырлайды жүрек" байқауыда 2ә сынып оқушылары "Шығарма" аталымы бойынша Асқар Ислам бас жүлде, Бейсенбай Бексұлтан,Бейсенбай Нұрсұлтан 1 орын, "Көркем сөз" аталымы бойынша Тұрсынхан Ақсұлтан  Бас жүлде,Шайза Жандос 1орын,Бақытжан Ажар 1 орын,Абдықадыр Бауыржан 1орын марапаталды. Жетекшісі: Мырзалимова А.Б.
Халықаралық Студия Рима РинатовнаныңХ Халықаралық  FIRE WORK OF STARS ЛАУРЕАТ I дәрежесіндегі Дипломмен  Жасұланқызы Кәусар марапатталады.
  Халықаралық  ART SHOW бас жүлделі Дипломмен Тұрғанғазы Жасмин марапатталады
Облыстық ДЗЮДО  күресінен облыстық ашық біріншілікте жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирінде42 салмақ дәрежесінде  бойынша III орын алғаны үшін Болат Алихан   Дипломмен марапатталады
Аудандық. «Зерделі» ақыл -ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен   математика пәнінен 3-4сынып арасында өткізілген  «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне  қатысқаны үшін
Досболат Ақниет СЕРТИФИКАТпен  марапатталады. «Жас қыран» спорт, өнер білім орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Тәуелсіз елдің өнерлі өрендері» атты жылдық есеп беру кешінде керемет өнер көрсеткені үшін Құдайберген Ботакөз Грамотамен марапатталады. Талғар аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелігі ұйымдастырған «Әр өлеңі- бір әлем» мәнерлеп оқу сайысында жақсы өнер көрсеткені үшін  40 мектеп оқушысы  Дәулетхан Шынтас Грамотамен марапатталады.«Еңбекшіқазақ  ауданының № 1балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ұйымдастырумен өткен  ДЗЮДО  күресінен кіші жасөспірімдер арасында Еңбекшіқазақ  ауданының ашық біріншілігінде  38 салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін Жали Ертай  Дипломмен марапатталады.
ДЗЮДО- дан 2012-2013 кіші жасөспірімдер арасында  Байсерке ауылының ашық біріншілігінде 26 кг салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін Бақыт Ерасыл  Мадақтамамен марапатталады.Жаңалық ауылының ДЗЮДО күресінен  2013-2014кіші жасөспірімдер арасында  ашық турнирінде 26 кг салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін Тұрсынәли Мади  Дипломмен марапатталады.Еңбекшіқазақ  ауданының № 1балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ұйымдастырумен өткен  ДЗЮДО  күресінен кіші жасөспірімдер арасында 42 салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін Әбіләшім Ғани  Дипломмен марапатталады. Республикалық «ӨНЕР ӘЛЕМІ – БИ ӘЛЕМІ» Балалар мен жастар байқауында «Спорттық би» номинациясында І дәрежелі лауреат атағына ие болған Кемалбай Айшолпан дипломмен марапатталады. «Қазақстан Таланттары Өнер Білім дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Республикалық «Домбыра – әлемнің күй қайнары» атты жастар мен ересектер байқауында «Хореография» номинациясы бойынша көрсеткен өнері үшін Кемалбай Айшолпан І дәрежелі лауреат дипломымен марапатталады.
«BALBULAQ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған «КӨКТЕМ ШУАҒЫ» Ү Республикалық өнер-байқауында «Хореография» номинациясы бойынша Жұмакәрім Іңкәр І орын дипломымен марапатталады.Таеквондадан Арыстан кәсіпқой спорт клубының ашық турнирі 28 кг салмақта 1 орын, Кәсіпқой "Исатай" спорт клубының ашық біріншілігінде 10-11 жас аралығындағы, 30 кг салмақта 1 орын, "Арыстан" кәсіпқой спорт клубының ашық біріншілігінде  2 орын, "KING CLUB TARAZ"  ашық имидждік турнирінде 26 кг салмақ дәрежесінде 2 орын, Қ. Р Республика күніне орай Алматы қаласының таквондадан балалар және кадеттер арасындағы қалааралық біріншілігінде 3 орынмен Сұраншы Айсәуле марапатталады. Дзюдо күресінен 2011-2012,2013-2014 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы "КазАст"  спорт клубының ашық біріншілігінде  26 салмақ дәрежесінде 3 орын  Бөрібай Бекжан марапатталады."Арыстан"  кәсіпқой спорт клубының ашық біріншілігі І орын,Тарлан Батырлары спорт клубының жүлдесіне арналған Таеквондадан  WT балалар және жасөспірімдер арасындағы ашық турнирде 2 орын, Таеквондадан " DREAM CUP" ашық турнирде 30 келі салмақ дәрежесінде 3 орын, Таеквондадан WT  балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында Асқар Шайхиев спорт клубының кубогында 3 орын Дәулетхан Асқар марапатталады.ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына және Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз атты ұранмен Таеквондадан Түркістан қаласының ашық турнирінде 1 орын, Дзюдо күресінен 2012-2013,2014-2015 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен  Ұлан Майоры Медеухан Орынбековты және Исаев Серіктің жүлдесіне арналған турнирінде 38 салмақ дәрежесінде 3 орын, Тарлан спорт клубының ашық біріншілігінде 38 салмақ дәрежесінде 1 орын, Дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында өткен ашық біріншілігінде 38 келі салмақ дәрежесінде 2 орын алғаны үшін Ерғали Ислам марапатталады.Аудандық Мағжан оқуларынан 7ә сынып оқушылары  мәнерлеп оқудан Сағатжан Ерасыл 2-орын, ғылыми жоба бағыты бойынша  2-орын. Азмахын Дильназ, Абай оқулары ән байқауы Байбол Нұрдос 2орын,қара сөздері Джаксыбаев Ахмет 2орынжетекшісі Капасова Г.Б. Аудандық "Бағдаршам-2023" 6ә  Кадеттер 2 орын иеленді: Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қудайберген С.Ә. Аудандық кәсіпқой клуб федерация тоо таеквондо 6 ә кадет Султанбекова Нурай 1 орын, Дубайда өткен Халықаралық таеквондо жарысындаалғыс хатпен және  Түркістанда өткен Республикалық  "Тарлан батырлары спорт кешенінде" өткен турнирде 6 ә кадет Султанбекова 2 орынмен марапатталды. Талғар ауданында өткен жүгіру жарысында 6 ә кадет Әлімқұлов Әділет 3 орын иеленді
Аудандық оқулардаАудандық "Ясауи оқулары" байқауында хикмет жаттауда Бас жүлде, Облыстық "Ясауитану-2023" байқауында жүлделі II орын, "Ясауитану" республикалық байқауында дипломмен 9ә сынып оқушысы Қуанышқызы Ажар,  Қ. Мырзали оқуларында 5 а сынып Ибрайм Көркем 3 орын, Бауыржан Момышұлы оқуында  8 а сынып Мейірбек Іңкәр алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Курманова Балжан ТолеубековнаАлматы облысының чемпионатында 2-орын, 3-орынмен Боранбай Ерназар марапатталады.Аудандық "Бағдаршам-2023" 6ә Кадеттер 2 орын иеленді.Аудандық кәсіпқой клуб федерация тоо таеквондо 6 ә кадет Султанбекова Нурай 1 орын, Дубайда өткен Халықаралық таеквондо жарысында иеленді алғыс хатпен, Түркістанда өткен Республикалық  "Тарлан батырлары спорт кешенінде" 2 орын,Талғар ауданында өткен жүгіру жарысында 6 ә кадет Әлімқұлов Әділет 3 орынмен марапатталды.
Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали  Мақатаев шығармаларына арналған "Жырлайды жүрек" байқауыда 2г сынып оқушылары "Шығарма" аталымы бойынша Ерік Ернұр 1-ші орын,
көркемсөз аталымы бойынша Қуандық Зере 2-ші орын, Кенжебай Бекзат 2-ші орын, Тілеужан Ерұлан  1-ші орын,
Қуатқызы Ажар бас жүлде алды. Жетекшісі: Куанышпаева Г. М.
2а сынып оқушылары  Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған "Жырлайды жүрек" байқауында "КӨРКЕМСӨЗ" аталымы бойынша үздік өнер көрсетіп БАС ЖҮЛДЕ алған  Ғалымбек Арудан. 1 орын  Талғат Бакдәулет, Амантай Айша 1орын, Мелдехан Дидара 1орын, 
Бекен Жанасыл 1орын, Нұрсұлтанұлы Амир 1орын, Қуанышбай Аяулым ІІ орын,Айдар Аянат 1орын,
Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған "Жырлайды жүрек" байқауында "КӨРКЕМСӨЗ" аталымы бойынша  2ОРЫН алған Қуанышбай Аяулым, Дзюдодан 2012-2013. 2014-2015ж.т кіші жасөспірімдер арасында Байсерке ауылының ашық біріншілігінде 29 кг салмақ дәрежесінде Талғат Бакдәулет 1 орын,  Нұрсұлтанұлы Амир 1орын. Жетекшісі: Бақытқызы Сымбат.
Аудандық оқуларға  «Жамбыл Жабаев» оқуында  І орынмен 8ә сынып оқушысы  Ердіқанұлы Ералы марапатталды.
Талғар ауданының балалар мен жасөспірімдер арасындағы таеквандодан 1 орын және 3 орын жеңіп алған Қалибек Айым марапатталды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:                    Қапсаланов Ғ.К.
                                                                                                    Раймбекова З.