Педагог-модератор химия пәні мұғалімі Байеділ Алтынай » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-модератор химия пәні мұғалімі Байеділ Алтынай
17
август
2022

Педагог-модератор химия пәні мұғалімі Байеділ Алтынай




Анықтама

       17.08 күні Қызыл Ту ауылы № 24 орта мектепте кезекті тамыз кеңесі өтті.      Биология,химия,география пәндері бірге өткізілді.Химия пәнінен оқуға барған ұстаздар өздерінің үйренген,білгендерімен таныстырып,инклюзивті оқытуды түсіндірді.Көптеген ұстаздар биылғы білімнің үш құндылығына ,фунционалдық сауаттылыққа байланысты баяндамалар оқыды.

     Мен «Қолданбалы курстың химия пәнінен тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибеммен бөлістім. Курстың мақсаты: Химияны оқытуда химиялық өнеркәсіптің жалпы ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі,қалдықсыз технологияны ұйымдастыру,қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім мен білік және біліктілікті дамыту.Болашақта химия саласы бойынша мамандықтардың сипатын беру және таңдауларына бағдат – бағдар беру.

     2021-2022 оқу жылында қолданбалы курстан оқушыларға ғылыми жоба жазуды үйреттік.Оқушылар жобаны жазып қана қоймай,сонымен қатар оны жылдың соңында қорғады. Бұл әдіс жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық иесі ретінде қызығушылығын арттырып, болашақта дипломдық жұмыс жазғанға үйренуіне үлкен септігін тигізеді.


1)Идрисов А. мен Сайдулла І. «Сыры көп Кока-Кола» атты ғылыми жоба жазды. Кока-кола сусының адам денесінен кальцийді,майды ыдырататынын тәжірибе жасап көрсетті.
2)Сейсенбай А. мен Ермек Ұ. «Пэт-бөтелкелердің зияны мен оны шешу жолдары» атты ғылыми жоба қорғады.
3)Асқарғали А. мен Ибраймов Д. «Нағыз шоколадты қалай ажыратуға болады?» атты ғылыми жобаларында нағыз шоколадтың құрамын зерттеп,өз қолдарымен шоколад жасап үйренді.
4) Темірханова А. мен Үркімбай Ә. «Үйден сабын жасау жолдары» атты ғылыми жұмыстарында үй жағдайында сабын жасап, сол тәжірибелерімен бөлісті.
5) Надирбаева А. «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны» атты ғылыми жобасы арқылы зияны жоқ энергетикалық сусын дайындады.

     
     Қорытындылай келе, Қазақтың ұлы ханы Абылайхан айтқандай: «Білекке сенер заманда ешкімге дес бермедік. Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік!». Қазіргідей біліммен, қаламмен күресетін заманда сол білекпен, қылышпен күресе жүріп елінің азаттығын сақтап қалған ата-бабамыздың аманатын көзіміздің қарашығындай сақтайық.
     Қазіргі заманғы америкалық ойшыл Алвин Тоффлер: «Жиырма бірінші ғасырда оқу, жазуды білмейтін адамдар сауатсыз емес, оқуды, үйренуді әрі қарай жалғастыруды білмейтін адамдар сауатсыз болып есептеледі», - деп, ұдайы білімін жетілдіріп отырудың маңызын жеткізген.Ендеше,әрқашан ізденісте болайық,және ізденімпаз,шығармашыл,жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуде өз үлесіміз қосайық.