Ыстық тамақ анықтамасы » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2020

Ыстық тамақ анықтамасы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 40 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  туралы» жүргізілген жұмыстың

Анықтамасы

       Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы  №320 бұйрығына сәйкес, оқушылардың тамақтану сапасы мен тамақтануын бақылау, денсаулық сақтау министрінің  бұйрығын орындау мақсатында түрлі жұмыстар жүргізілді.

Тексеру барысында тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі. 

      Жалпылама білім беру қорынан 2018 жылы бөлінген қаражатына қаңтар мен желтоқсан аралығында сәйкес сыныптың жетім, жартылай жетім, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, көмекті қажет ететін оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ыстық тамақ бойынша әр ауысымға кесте құрылып, кесте бойынша сынып жетекшілердің қадағалануы бойынша ыстық тамақпен тамақтанады. МШектепте әке-шешесінің қарауынсыз қалған  жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан, көпбалалы отбасынан шыққан 103 оқушы   мектеп асханасынан тегін тамақтандырылды.1а сыныбында 4 оқушы, 1ә сыныбында 5 оқушы,   2 а сыныбынан 6 оқушы, 2ә сыныбынан 8 оқушы, 3 а сыныбынан 6   оқушы, 3 ә сыныбынан 6 оқушы, 3в 14 оқушы, сыныбынан 3б сыныбында 1 оқушы, 3г сыныбында 4 оқушы,  4 а сыныбынан 5 оқушы, 4ә сыныбында 3 оқушы, 4в   сыныбынан 11 оқушы, 5 ә сыныбынан 3 оқушы, 5 б сыныбынан 1 оқушы, 7б  сыныбынан 1 оқушы, 8в сыныбынан 1  ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 

   Асхана тарапынан ИП Күздеубаева А.М. 14  оқушыға демеушілік жасап ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған.Бекітілген ас мәзірі бар.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай.Оқушылардың сусын ішуіне арналған кейбір ыдыстардың ескіргендігі ауыстыруды қажет ететіндігі анықталды.Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.

Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.

Шешімі:

1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.

2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.

3. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзіміталапқа сай.

4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.



                                                 ДТІЖО:           З.Раимбекова