«№40 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Тілдер» күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты мерекесі Анықтамасы » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№40 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Тілдер» күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты мерекесі Анықтамасы
06
сентябрь
2021

«№40 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Тілдер» күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты мерекесі Анықтамасы

«№40 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Тілдер»  күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты мерекесі

Анықтамасы


    2021 -2022  оқу жылында   № 40 орта мектеп бойынша 03.09.-10.09.2021ж. аралығында  Қазақстан Республикасының Тілдер  күні мерекесіне араналған апталық  өткізілді.  Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандарының апталығы іс-шаралары   талапқа сай құрылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілді. 

    1-11 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні мерекесіне арналып, барлық сыныптарда «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Ана тілім-ардағым» атты т.б.  тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. 

     Мектебімізде  Ахмет Байтұрсынұлы туған күніне орай  тілдер бірлестігінің апталығы аталып өтілді. Ашылу салтанатында онлайн түрде оқушылар мен жас мамандар өлең оқып, ән айтып өз өнерлерін паш етті.

       9-10 сыныптар аралығында «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы», «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты тақырыптарда үздік мақалалар байқауы болды. Оқушылар мақала жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді. Жақсы жазған оқушылар мақтау қағазын иеленді. Атап айтсақ, Бақытжан  Диана 10 «А» сынып оқушысы-1орын, Нұрланды Ердәулет  10 «А» сынып оқушысы-2 орын,  Искандр Мейірман 10 «ә» сынып оқушысы-3 орынға ие болды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен, «Достықтың терең тамыры» атты тақырыпта  сұқбат  өткізілді.ҚР-ның «Тіл туралы заңының» орындалуы мектептің жылдық жоспарына енгізілген. «Тіл туралы заңның» орындалу барысында іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі,  жаңа технологияны қолдана отырып, тілдерді оқыту барысында сапалы нәтиже көрсету, дарынды балалардың шығармаларын мектепішілік, аудандық газеттерге жариялау, баспа сөз беттерінде жарық көрген жаңа заң, мақалалармен танысып, әдістеме кеңесінде жариялау, ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өту, тіл мамандарына жүктелді.