Қарттарым – асыл қазынам » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарым – асыл қазынам
01
октябрь
2021

Қарттарым – асыл қазынам

       Қарттарым – асыл қазынам


«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» Ы.Алтынсарин.
Өмірінің саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнап, қаншама ұрпақты білім нәрімен сусындатқан, бар балаға анасындай мейірімін төгіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген ардагер ұстазымыз Қошқарбаева Балжан Алтайқызының ісі мен ізі өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге болсын деген мақсатта Алматы облысы, Талғар ауданы, Кіші Байсерке ауылы №40 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Мухамадиева Жанар Каюмқызының бастамасымен қарттар күніне орай ұйымдастырылған  Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!  атты кеш өткізілді. Кешіміздің арнайы қонақтары ауыл тұрғындары мен ұстаздары және Гүлдала ауылдық округінің әкімі Мақсат Махамбетқалиұлы. Мектебіміздің педогог-ұйымдастырушы Қапсаланов Ғани Какенұлы ардагер ұстазымызбен тікелей сыр- сұхбат алынды. Сұхбат барысында Балжан Алтаевнаның өмір жолы, қызметі жайлы әңгіме жүргізілді.  
 «Шәкіртке ұстаз болу – ірілік, ұстазға ұстаз болу – ұлылық»,  - демекші кезінде білім берген шәкірттері бүгінде шағын орталықта балабақшада тәрбиеші болып қызымет атқаруда. Балжан Алтайқызы әлі де жас ұрпақты тәрбиелеуде орасан зор үлес қосуда.




        № 40 орта мектебінің  кәсіподақ төрайымы:   Назарбекова Ж.С.