Жаңа мектеп есігін айқара ашты... » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңа мектеп есігін айқара ашты...
01
сентябрь
2017

Жаңа мектеп есігін айқара ашты...

Мектебің, мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың,- деп ақын жырлаған білім ошақтары біздің үміт күтер жас буын балғындардың екінші үйі деп айтсақ, қателеспеспіз. Ал сол оқу ғимараттарымыздың үкілеген үлпіршектеріміздің көңілінен шығатындай дәрежеде болуы олардың білімге деген құштарлық отын маздатары сөзсіз. Осы сенім үдесінен шыға алатын 600 орындықты жаңа мектеп Алматы облысы, Талғар ауданы, Кіші Байсерке ауылында жақында ғана бой көтерді. Білікті басшы Б.А.Қошқарбаеваның басқаруындағы білім ошағының бүлдіршіндері осыған дейін 4 сынып қана оқып, әрі қарай оқуларын жалғастыру үшін темір жолдан өтіп, басқа мектепке баратын. Енді олардың және ата-аналарының көптен күткен армандары орындалып, аталмыш жаңа ордада 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Кітапхана, денешынықтыру залы, асхана, мультимедиялық мәжіліс залы, бірнеше заманауи үлгімен жабдықталған бөлмелер, лингафон кабинеттері оқушыларға есігін айқара ашты. Мектептің бой көтеруі жұмыссыздықтың алдын алуға да сеп болып, ауыл жастарымен қатар, басқа да қажетті мамандар жұмысқа тартылды. Ашылу салтанатына арнайы ауыл әкімі М.Жумашов және Талғар ауданы білім бөлімінен делегаттар келіп, ұжым мен білім алушыларға сәттілік тіледі.Мектебіміздің кілті білікті де білгір басшы Мухамадиева Жанар Каимовнага тапсырылды.

Ал ауыл ақсақалдары болашақ тізгінін ұстар ұл-қыздарға ақ батасын берді.


Манчук Кожабаевна Уразова

Орыс тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі

Кіші Байсерке ауылы

40 орта мектеп