Есиркеева Шынар Дамировна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Есиркеева Шынар Дамировна

Аты-жөні: Есиркеева Шынар Дамировна
Туған күні мен жылы: 16.03.1976 жыл
Педагогикалық өтілі: 26 жыл 9 ай 
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 26 жыл 9 ай 
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): 
І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік Талдықорған университеті 1999 жылы Бастауыш сыныптар мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2016 жыл Алматы  қаласы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының педагог кадрларының  біліктілігін арттырудың  «Өзін-өзі тану» пәні білім беру деңгейлі бағдарламасы бойынша  мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.
2016 жыл Алматы  қаласы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының педагог кадрларының  біліктілігін арттырудың  «Тиімді оқыту» білім беру деңгейлі бағдарламасы бойынша  мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.
2016  жыл Талдықорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.
2018 жыл  Алматы қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша  біліктілікті арттырудың  оқыту курстарын аяқтады.
Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 
1. 2020 жыл Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қоры атынан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
2. 2020 жыл   « Ұстаз мәртебесі » атты республикалық  жинақта  тәжірибені өзге мамандармен бөлісе алғаны үшін «ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ » медалімен марапатталды.
3. 2018ж. «Ақ бота» интеллектуалық  марафонында Сейтжанова Жанел І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
4. 2020 ж. «GALYMPAZ» Халықаралық  бағдарламалар және білім беру орталығы 4-сынып оқушысы Бақтыбек Назгүл  ІІ орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды.
 «CLEVER» Бастауыш сыныптарға арналған республикалық олимпиаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.
Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында білім алушылардың ынтасын арттыруға қосқан үлесі үшін Дипломмен марапатталды.
Аттестатталушы педагог қандай біліктілік санатына өтініш берді:
Жұмысы туралы
Мұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сыныпта  жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарай, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда оқытуда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау  модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып,оқушы белсенділігін арттыруда, іздемпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда  өте жақсы нәтиже көрсетуде. 
Есиркеева Шынар Дамировна  №40 мектепте 2017 жылдан бері бастауыш сынып  мұғалімі қызметін  атқарып келеді.
 Есиркеева Шынар Дамировна   шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынандай нәтижелерге жетті.


«Зерде» XIII республикалық конкурсының аудандық кезеңінде қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша Сағатбекова Айша қатысып, ІІ орынды  иеленді.
 «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Бердибаев Азамат ІІ орынды дипломмен марапатталды.
Алғыс хат Республикалық «Мұқағали оқулары»байқауына қатыстырған оқушысы жүлделі орын алғаны үшін марапатталды.
Ұстаз мәртебесі Республикалық «Ынтымақ жолы »қоғамдық қоры Әдебиеттік оқу  ҚМЖ.4сынып Республикалық жинақта тәжірибемен өзге мамандармен бөлісе алғаны үшін  «Ұстаз мәртебесі» медалімен марапатталды.
Тұлға тағылымы №5 мамыр 2020ж республикалық ,қоғамдық ,танымдық әдістемелік,жарнамалық журнал. Мақала «Қазақтың қайсар қызы» жарияланды.
2020 жылы. «Бағалау түрлері және әдістемелерді сабақта тиімді пайдалану» атты әдістемелік көмекші құралы шықты.
2020 жылы Республикалық «Өрлеу» порталы, республикалық MediaBilim журналы ақпараттық қолдауымен өткізілген «Жаңартылған білім беру үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі» атты республикалық семинарға қатысты.