Батырбаева Лаззат Мухтаровна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Батырбаева Лаззат Мухтаровна

Аты-жөні: Батырбаева Лаззат Мухтаровна
Туған күні мен жылы: 27.12.1972 жыл
Педагогикалық өтілі: 14жыл 
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 14жыл  
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): Орта. 1988 жылы Есік  педагогикалық  училищесін  бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Жоғары. 2014 жылы Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық Университетін мектепке дейінгі оқыту мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2016 жыл Алматы  қаласы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының педагог кадрларының  біліктілігін арттырудың  «Тиімді оқыту» білім беру деңгейлі бағдарламасы бойынша  мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.
2017 жыл Талдықорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.
2018 жыл Талдықорған қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша  біліктілікті арттырудың  оқыту курстарын аяқтады.
2018жыл «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсын аяқтады.
Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 
2018 жыл  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының  ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ
2017 жыл Филология институтының  «Шамшырақ» тілдер олимпиадасын ұйымдастырудағы белсенділігі үшін АЛҒЫС ХАТЫ
2018 жыл  «CLEVER» Бастауыш сыныптарға арналған республикалық олимпиада ның жүлдегерлерін даярлағаны үшін  АЛҒЫС ХАТЫ
2018 жыл Талғар  аудандық білім бөлімінің  МАҚТАУ қағазы
Республикалық «Ұстаз мектеп тірегі» журналының ұймдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда математика пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық «Дара Бала» журналына дарынды шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
«CLEVER» Бастауыш сыныптарға арналған республикалық олимпиаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.
Аттестатталушы педагог қандай біліктілік санатына өтініш берді:
Жұмысы туралы
Мұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сыныпта  жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарай, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда оқытуда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау  модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып,оқушы белсенділігін арттыруда, іздемпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда  өте жақсы нәтиже көрсетуде. 
Батырбаева Лаззат Мухтаровна 2009 жылдан бері  бастауыш сынып  мұғалімі қызметін  атқарып келеді.
 Батырбаева Лаззат Мухтаровна  шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынандай нәтижелерге жетті.
2018 жылы «Ұстаз-мектеп тірегі» атты облыстық жинақтың 29 бетінде «Уақыт, тәулік» атты мақаласы жарық көрді;
2016 жылы «Қайнар көзі» аудандық журналы, №10, «Мен Қазақстандықпын» атты тақырыпта 21-бетте оқушысы Қияш Айботаның мақаласы жарияланды;
2017 жылы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық  басылымының сайтында  «Зат есімнің септелуі» тақырыбында сабақ жоспары жарияланды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастырылған «КИО» республикалық комитетінің қашықтық олимпиадасына қатысты.
2016 жыл «Инфоурок»  халықаралық  конкурста Мейірбек Іңкәр, Сәулебай Даниал -  І орын
Республикалық «Ұстаз мектеп тірегі» журналының ұйымдастыруымен өткен байқауда Дюсенбеков Нұржүрек І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық қашықтықтан өткізілген «Менің сүйікті сынып жетекшім» байқауында Ризабек Кәусар -  ІІ орын.
Менталды арифметикадан ІІІ қалалық олимпиадада Саулебай Даниял -  ІІІ орын
«Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жо,ары көрсеткіштерді иеленген – Мухтар Еркебұлан, Мейірбек Іңкәр, Бердіқұл Диас, Болатбек Арыстанғали, Амут Луиза – І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастырылған «КИО» республикалық  «Жас білімпаз» қашықтық олимпиадасына Іңкәр Мейірбек  қатысып – ІІІ орын иеленді.
 Мейірбек Іңкәр «Шамшырақ» қазақ тілі олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен  марапатталды.
 «Зерде» XIII республикалық конкурсының аудандық кезеңінде қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша Ерсұлтан Дінмұхамед қатысып, ІІ орынды  иеленді.
 «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Талғатұлы Алихан ІІ орынды дипломмен марапатталды.