Доскараева Зита Тлеукеевна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Доскараева Зита Тлеукеевна

Аты-жөні: Доскараева Зита Тлеукеевна
Туған күні мен жылы: 03.04.1963 
Педагогикалық өтілі: 27,4 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 27,4 жыл
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): Жоғары. 2005 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2014 жылы «Оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» курсын аяқтады
2017 жылы «Жаһандану жағдайында орта мектептердегі сынып жетекшісі жұмысын ұйымдастыру парадигмасы» курсын аяқтады.
2018 жылы «Жаңа технологияны бастауыш сыныптарды оқытуда пайдалану» оқыту курсын аяқтады.
Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 
2016 жыл Талғар аудандық білім бөлімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ 
2017 жыл «КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасына бастауыш сынып оқушысын  дайындағаны үшін Сертификат 
2017 жылы «Жаһандану жағдайында орта мектептердегі сынып жетекшісі жұмысын ұйымдастыру парадигмасы» атты біліктілікті арттыру курсында белсенділік танытқаны үшін АЛҒЫС ХАТ
2017 жыл   «Шамшырақ» тілдер олимпиадасын ұйымдастыруда белсенді қатысқаны және жеңісті оқушылар тәрбиелегені үшін АЛҒЫС ХАТ 
2018 жыл «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
2019 жыл «Білім әлемі» Республикалық ғылыми-танымдық, тәрбиелік педагогикалық журналының №1 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін Дипломмен марапатталды.
2019 жыл Халықаралық Білім мен Ғылымды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып ДИПЛОММЕН марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
 «НИО» Республикалық Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген пәндік олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды. 
 Республикалық «Ұстаз - мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда математика пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
 Республикалық «Ұстаз - мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналына ең үздік мақаланы жариялағаны үшін Дипломмен марапатталды. 
 Халықаралық «Инфоурок» конкурсына белсене қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.
 Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Шебер Педагог-2019» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталлы.
«Мың бала» интеллектуалдық білім сайтының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ісінің майталманы» атты Республикалық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды.



Жұмысы туралы
Мұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сыныпты жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау  модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруда, ізденімпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта  қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда, оқу жетістіктерін сырттай бақылаудан оқушылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. 
Доскараева Зита Тлеукеевна 2005 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі қызметін  атқарып келеді.
Доскараева Зита Тлеукеевна шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынандай нәтижелерге жетті.