Куаншалиева Эльмира Амангалиевна » №40жалпы білім беретін орта мектебі
”Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №40 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+727(360-54-15)
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Куаншалиева Эльмира Амангалиевна
01
сентябрь
2021

Куаншалиева Эльмира Амангалиевна

Аты-жөні: Куаншалиева Эльмира  Амангалиевна
Туған күні мен жылы: 05.12.1965 
Педагогикалық өтілі: 33 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 33 жыл
Білімі (қай оқу орнын бітірді және қашан, алған білімі мен біліктілігі): Жоғары. 1984 жылы Н.К.Крупский атындағы Астрахан педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1989 жылы С.М. Киров атындағы Астрахан мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру туралы: 
2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Талдықорғандағы  «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқыту курстарын аяқтады.
2017 жылы Талғар ауданы, № 37 мектепте  Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектепшілік курсын аяқтады.
2019 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеясы мен әдіс-тәсілдері»  тақырыбында білім беру бағдарламасының біліктілікті  арттыру курсын аяқтады.
Наградалары, құрмет белгілері мен ғылыми дәрежелері: 
2016 жыл Талғар аудандық білім бөлімінен  МАДАҚТАМА
2016 жыл Талғар аудандық білім бөлімінен  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
2017 жыл   «Шамшырақ» тілдер олимпиадасын ұйымдастыруда белсенді қатысқаны және жеңісті оқушылар тәрбиелегені үшін АЛҒЫС ХАТ 
2018 жыл CLEVER «Бастауыш сынып»  бойынша мұғалімдерге арналған республикалық олимпидаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін Дипломмен марапатталды.
 «Мың бала» интеллектуалдық білім сайтының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ісінің майталманы» атты Республикалық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Шебер педагог – 2019» атты ІІ Халықаралық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
 Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Дипломмен марапатталды.
«Білім әлемі» Республикалық ғылыми-танымдық, тәрбиелік педагогикалық журналының №1 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін Дипломмен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ziatker.kz Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым порталында көрсеткен белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Ұстаз - мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда математика пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
 2022 жыл КИО.КZ- Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтын ұйымдастырумен  педагогтардың білімін тексерумен біліктілігін  арттыру
   мақсатында өткен  республика интеллектуалды «Үздік ұстаз»     олимпиадасының жүлдегері І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Жұмысы туралы
Мұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сыныпты жаңа білім мазмұны бойынша оқытуда ғылыми негіздерге сүйене отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық деңгейін және сыни ойлау дағдыларын дамыту». Өз ұстанымын басшылыққа ала отырып, әр сабақтың құрылымын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқу-танымдық іс-әрекеттерінің негізінде құрады. Ұстаздың  теориялық білімі терең, өз пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгерген. Әр сабағына жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап, жалпы азаматтық, адамгершілік тәрбие беріп, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Деңгейлік курстарда, негізгі бөлімдерінің бірі сыни ойлау  модуліне және АКТ элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруда, ізденімпаздығын күшейте түсуге ерекше көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта  қабілетті оқушылармен өзіне тән әдіс-тәсілдері бойынша оларды қабілеттеріне қарай топтарға бөліп, жеке жоспармен жұмыс жүргізеді. Соның нәтижесінде аудандық олимпиада, ғылыми жұмыстарда, ОЖСБ-де оқушылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. 
Куаншалиева Эльмира Амангалиевна 1989 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі қызметін  атқарып келеді.